__МаңыздыЖаңалықтарЖаһан

2019 жылы күрестен әлем чемпионаты Астанада өтеді

Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling – грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы) 2019 жылғы күрестен әлем біріншілігі Астанада өтетінін хабарлады. Біріншілік 2019 жылы 14-22 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлайды centralasian.org.

«Астананың спортшылар, жаттықтырушылар және жанкүйерлер үшін тамаша жарыс өткізетініне сенімдімін» деді UWW-ның 24 қыркүйекте таратқан мәлімдемесінде ұйым басшысы Ненад Лалович.

«Күрестен әлем біріншілігі айтулы оқиға саналады және ол Қазақстан мен аймақта күрестің кең таралуына жағдай жасайды» деді Қазақстанның грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының президенті Сауат Мыңбаев.

2019 жылғы күрестен әлем біріншілігі 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынатын алғашқы іріктеу турнирі болмақ.

Back to top button