1000
Қоқыстан құрастырылған қайық
Қоқыстан құрастырылған қайық
Кенияда 9 метрлік ерекше қайық жасалып, сапарға жөнелтілді. Қайықтың ерекшелігі – оның пластик қоқыстардан жасалғандығында. Оның көп бөлігі жағажайда киетін «Флип-Флоп» аяқ киімдерінен құрастырылған.
Сондықтан, қоқыстан құрастырылған қайыққа да «Флип-Флоп» деген атау берілді. 9 метрлік қайықты толығымен мұхиттан жиналған пластиктік қоқыстардан құрастырлған. Ал қайықты жасауға қажетті қаражат краудфандинг арқылы жиналған.
Белсенділердің бұл жобаны қолға алудағы негізгі мақсаты – теңіздер мен мұхиттардың ластануына көпшіліктің назарын аудару. Себебі мамандардың айтуынша, айдынға түскен қалдықтар су жануарларына аса қауіпті. Ал белсенділердің бұл шарасы жергілікті биліктің қолдауына ие болды. Өйткені туризм – Кенияның басты табыс көздерінің бірі.
Сондықтан, үкімет демалыс жағажайларының таза болуы үшін түрлі шараларды қолға алып келеді. Өткен жылы мемлекет пластик пакеттерге қатысты әлемде ең қатаң заңның бірін қабылдады. Оған сәйкес, пластик пакеттерді жасаған, сатқан немесе қолданған адамдар 40 мың доллар айыппұл немесе 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.