375
Жеткіншектер сүйсінген коворкинг орталығы
Жеткіншектер сүйсінген коворкинг орталығы
«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қолдауымен №2 мектеп базасында алғаш рет балалар коворкинг орталығы ашылды.
Заманауи үлгіде жабдықталған орталықта балалардың бос уақыттарын тиімді өткізулеріне барлық жағдайлар қарастырылған. Алдағы уақытта бұл жерде балалар мен ата-аналарға арналған түрлі тренингтер, интеллектуалдық сайыстар мен сабақтар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Айта кету керек, өңірде бұдан басқа «Қазақстан кітапханалары – Білім орталықтары» партиялық жобасы аясында 10 кітапхана жанынан коворкинг орталықтары ашылған. Балалар орталығының ашылуына өңірге белгілі меценат, Атырау қалалық Мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиев демеушілік етті. «Мектеп, кітапxаналар жанынан балалар коворкинг орталықтарын ашу қазіргі заман талабы. Бұл демалыс аймақтары балалардың ой-өрісін, шығармашылығын дамытуға бағытталған. Ең бастысы, орталықта түрлі танымдық шаралар мен еркін форматтағы басқосулар өткізулер арқылы балалардың өзара қарым-қатынастарын нығайтуға жағдайлар жасалған», – дейді Әлібек Семғалиев.
Мектеп жанынан коворкинг орталығы бой көтергеніне ата-аналар да дән риза. №2 мектепте үш бірдей баласы оқитын Райгүл Әлімжанова білім ошағында балалардың бос уақыттарын тиімді өткізетін орынның ашылуын «нұротандықтардың» болашақ ұрпаққа деген қамқорлығы екенін атап өтті.