13 Қыркүйек, 00:03 152 0 Денсаулық TURKYSTAN.KZ

Адам өмірін ұзартатын екпе

Таяуда Алматы қаласындағы «Plaza Almaty» мейманханасында «АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды вакциналық алдын алуға арналған тәсілдер» атты халықаралық семинар өтті. Бүгінде адамзат баласын түрлі жұқпалы аурулардан қорғайтын екпелер бар. Иммундық вирус тапшылығына қарсы екпені АҚШ, Ресей және Батыс Еуропа елдері бастап кеткеніне бірнеше жыл болды. Ал 20 мыңнан аса адам АИТВ-мен ауыратын елімізде бұл тәжірибе енді қолға алынбақ.

– ДДСҰ мәліметтері бойынша, екпені енгізгенге дейін пневмококкты инфекция жыл сайын әлемде 1,6 миллион адамның қайтыс болуына себеп болған. Қазақстанда АИТВ жұқтырған адамдарды пневмококкты инфекциядан вакцинациялау практикасы қазірше жоқ, ол болған жағдайда олардың денсаулығына оң әсерін тигізер еді. Бүгінде Қазақстанда АӨА-дың тіркеуінде тұрғындардың шамамен 12 пайызында пневмококкты инфекциямен байланысты түрлі аурулары бар. Соңғы жылдары пневмония, сепсис салдарынан қайтыс болушылар көбейді. Сол себепті, Қазақстан үшін екпені енгізу өте өзекті мәселе, – деді Республикалық ЖИТС орталығының директоры Бауыржан Байсеркин журналистерге арналған баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар