БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ЖЕҢІЛДІК

БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ЖЕҢІЛДІК

БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ЖЕҢІЛДІК
ашық дереккөзі
259
Бүгінде елімізде басты мәселенің бірі баспаналы болу болса, оған мемлекетіміз тарапынан оң шешім қабылданып, халыққа тиімді түрлі жобалар жасалуда. Соның бірі – «7-20-25» бағдарламасы. Енді міне осы бағдарламаның көмегімен Шымкент қаласының тұрғындары үшін алғашқы жарна екі есеге арзандатылып отыр. Яғни, алдағы уақытта қаланың жас отбасылары мен бюджеттік сала қызметкерлері баспана бағасының 10 пайызын алғашқы жарна ретінде төлеп, «7-20-25» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алатын болады. Бұған қатысты меморандумға Шым­кент қаласының әкімі Ғабидолла Әбді­рахымов пен «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков қол қойды. Тараптар арасындағы келісім бойынша жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне ұзақмерзімді жеңілдетілген несие беру мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі алғашқы жарнаның жартысын төлеуді мойнына алып отыр. Бұған биыл 500 млн теңге қаражат бөлінбек. Ал алдағы екі жыл көлемінде Шымкент әкімдігі бұл бо­йынша 2 млрд теңге жұмсайтын болады. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентте «7-20-25» бағдарламасы бо­йынша жалпы көлемі 500 мың шаршы метр болатын, 8 333 пәтер пайдалануға берілуі тиіс екенін айтты. Шымкент қаласынан пәтер алуға үмітті тұрғындар «ЦентрКредит», «АТФ Банк», «Цеснабанк», «Bank RBK» мен Еуразиялық банк арқылы ипотекалық несие рәсімдей алады.

Серіктес жаңалықтары