БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРҒАНДАРҒА БАЗАРЛЫҚ

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРҒАНДАРҒА БАЗАРЛЫҚ

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРҒАНДАРҒА БАЗАРЛЫҚ
ашық дереккөзі

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған еркелеріміздің білімге бас қойған талабын тәттімен ынталандыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының белорус ұлттық этно-мәдени орталығы Алматыдағы «Белорус үйі» сауда желісімен бірлесіп, Алматы қаласын «Жұлдыз» ықшамауданында орналасқан №142 жалпы білім беретін мектеп бүлдіршіндеріне кішігірім базарлық жасады. Иә, балаларды қуантқаннан артық не бар?! Қайырымдылық ишарасын білім ордасының басшысы Ақылсара Қуатова құттықтау сөзбен ашып, балаларға мереке сыйлаған қонақтар ықыласына ризашылығын білдірді. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Жалғас Шыныбеков, Республикалық белорус этно-мәдени орталығының төрағасы Леонид Питаленко, осы орталықтың «Ана мен бала» кеңесінің мүшесі Кристина Юсупова, «Белорус үйі» дүкендер желісінің директоры Руслан Юсупов бірінші сынып табалдырығынан аттағандарға ақ тілектерін айтып, базарлықтарын үлестіріп берді. Қайырымды қонақтарға 5-сынып оқушысы Нұралы Серікбай «Туған жер» әнімен шашу шашты.