Жемқорлықпен күрес жандана түспек

Жемқорлықпен күрес жандана түспек

Жемқорлықпен күрес жандана түспек
ашық дереккөзі
244
Петропавл қаласында «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысында  2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл партиялық бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды. Қазіргі уақытта өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс арнайы жоспарға сәйкес іске асырылуда. Ондағы бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары туралы халықты тұрақты хабардар ету. «Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  бойынша белсенді  жұмыс жүргізілуде. Облыстың 13 ауданында және Петропавлда арнайы  парақшалар мен плакаттар қолданылып, 44 баннер орналастырылды.  Аудандарда мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтар жұмыс істейді,  олар 17 027 адамды қамтып, 416 кездесулер өткізді, 514 ұжымдарға барды. «Адал жол» акциясы іске асырылуда, оның аясында халықпен 100-ден астам  кездесулер өткізілді. Осыдан біраз уақыт бұрын «Қоғамдық бақылау  картасы» жобасы іске қосылды, оның аясында облыс тұрғындары сенім  телефоны және әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылайды. Бүгінгі күні азаматтардан 45 өтініш келіп түсті», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департамент басшысы Серік Айдарбеков. Сонымен қатар, Департамент стандарттары  мен регламенттерін құқықтық коллизиялардың тұрақты негізінде мониторингі іске асырылады. Үстіміздегі жылдың алғашқы жартыжылдығында облыс әкімінің аппаратына бірқатар мемлекеттік қызметтердің регламенттеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсынымдар жіберілді. Бұдан басқа, арнайы жоспар аясында өңірде орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерінің институты енгізілуде. Олардың мақсаты – балабақшалар мен мектептерде бюджеттік ақшаның жұмсалуын бақылау. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 423 қамқоршылық кеңестер құрылған. Сондай-ақ, қазір бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру бөлу бойынша білім беру мекемелерінде ақпараттық жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары