"Бес әлеуметтік бастама" тиімді жүзеге асуда

"Бес әлеуметтік бастама" тиімді жүзеге асуда

"Бес әлеуметтік бастама" тиімді жүзеге асуда
ашық дереккөзі
318
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысын қадағалайтын республикалық қоғамдық кеңес мүшелері өңірлердегі жұмыс сапары аясында Жамбыл облысындағы ахуалды да саралады. Елбасының аталған Үндеуінде әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек­ақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жо­ғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағ­дайын жақсарту, шағын несие беруді көбейту және елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру мәселелері қамтылған болатын. Жамбыл облысына Мәжіліс депутаттары Әбдіманап Бектұрғанов пен Жамбыл Ахметбеков келіп, бірқатар нысандардың әлеуетімен танысты. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» орындалуын қатаң назарға алған республикалық қоғамдық кеңес мүшелері, Мәжіліс депутаттары ең әуелі  «Лесняк» серіктестігінде болды. Сүт және сүт өнімдерін өңдейтін цех  жұмысшылары сондай-ақ,  тасымалдаушылармен тілдесті. Игілікті бағдарламаның жергілікті жұртқа көмегі көп. Айтуларынша, атқарылған ілкімді істердің арқасында жаппай кәсіпкерлікке қолдау көбейіп, Байзақтықтар үшін шағын несие  қолжетімді бола түскен. Сүт бағытындағы ірі қара саны артып, шикізат «Молочный бидончик» цехына жеткізілуде. Мәжілісмендер ат басын бұрған келесі нысан ол – бұрынғы «Тараз» қонақжайы. Ғимарат Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жатақханасына беріліп, қазіргі таңда 200 орындық студенттер үйі қайта жасақталуда. Бұл тұста Елбасының 3-ші бастамасы яғни, жоғары оқу орындарының қолжетімділігін артырып, студент жастар үшін тиісті жағдай жасауға басымдық берілген. 15-мөлтек ауданындағы құрылыс жұмыстары өткен жылдың қазан айында бастау алған.  Жыл соңына дейін 80 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Ал, Тараз қаласы бойынша үй кезегіне тұрғандар саны 15 мыңнан асып жығылады. 43,8 мың шаршы метрлік тұрғынжайдың жалпы құны 6 млрд теңгені құрайды. Президент бастамасының ең маңызды тұсы «7-20-25» бағдарламасы аясында 9 мыңдай азаматты баспаналы ету жоспарлануда. Құрылыс алаңындағы мәселенің мән жайына жақсы қанық болған депутаттар әліде атқарылар жұмыстардың баршылық екендігін алға тартты. Сонымен қатар, халық қалаулылары «Бриллиант» сұлулық салонына да барды. Жеке кәсіпкер жеңілдетілген микронесиенің арқасында 18,2 миллион теңгеге қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Мұнымен қоймай, жаңа жұмыс орныдарының ашылуына сеп болды. Осылайша, өңірдегі әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың тынысымен танысқан мәжіліс депутаттары 5 әлеуметтік бастаманың орындалуын жіті бақылаушы өңірлік қоғамдық кеңестің отырысына қатысты. Жиылғандарға облыс әкімінің бірінші орынбасары мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, атқарылған жұмыстардың жәйімен таныстырды. Отырысқа қатысқандар 5 бастаманың әрбір бөлімін егжейлі талқылап, статистикалық көрсеткіштерге назар аударды. Мәселен, көгілдір отынмен қамсыздандыру ісі көш ілгері. Бүгінге дейін 181 елді-мекен газды іске жаратып отыр. 2025 жылға дейін олардың санын 354-ке жеткізу күтілуде. Мемлекеттік грантты тағайындау мен жатақхана құрылысы да қарқын алған. Сөзімізге дәлел, Тараз мемлекеттік университетіне 500 мемлекеттік грант бөлінген. Шағын несиелендіру бойынша 1,6 млрд теңгенің 514 жоба мақұлданған. Жиында ерекше назар «7-20-25» бағдарламасына ауды. Жиында Елбасының ел дамуына бағытталған бастамаларын әрі қарай жаңғырту керектігі сөз болды. Қорытындылай келе, жағдайды бағамдап, өңір әлеуетімен танысқан халық қалаулылары әлеуметтік бастамалардың іске асырылуына оң бағасын берді.

Серіктес жаңалықтары