Астананың 5 мектебі биыл латын әліпбиіне көшеді

Астананың 5 мектебі биыл латын әліпбиіне көшеді

Астананың 5 мектебі биыл латын әліпбиіне көшеді
ашық дереккөзі
Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режімде латын әліпбиіне көшіріледі. Елорданың білім беру саласындағы жаңашылдық туралы Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин дәстүрлі тамыз кеңсінде мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Оның айтуынша, Астанада жаңашыл сыныптарды ашу көзделіп отыр. Жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Негізгі идеясы орыс тілінде білім алатын сыныптарды кезең-кезеңмен мемлекеттік тілдегі сыныптарға айналдыру.Мұндай жаңа оқу жаңашыл сыныптар Астана әкімінің тапсырмасының негізінде №60 мектеп-лицейі негізінде ашылады. Сондай-ақ қыздарға арналған «Білім инновация» лицейінде енгізілетін болады. «Жалпы, Астана қаласы бірінші болып барлық пилоттық жобаларға қатысады. Біздің ұстаздар әрбір өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделеді. Осы жылы елордалық білім ордаларында жүзеге асырылатын бірнеше пилоттық жобалар бар. Мысалы, электрондық оқулықтарды пайдалану екі мектепке енгізіледі. Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режімде латын әліпбиіне көшіріледі», - деді ол.