Қайырымдылық акциясы жалғасын тапты

Қайырымдылық акциясы жалғасын тапты

Қайырымдылық акциясы жалғасын тапты
ашық дереккөзі
394
«Нұр Отан» партиясының маңызды жобаларының бірі – «Баланы мектепке даярлайық!» қайырымдылық акциясы. Кеше партияның Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен республикалық қайырымдылық акция жұмысын бастады. Аталмыш акцияның мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауын, «Нұр Отан» партиясының 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын жүзеге асыру, тұрмысы төмен отбасылар мен жетім, жартылай жетім балалардың мәселелеріне жұртшылық назарын аударту әрі аталған санаттағыларға әлеуметтік көмек көрсету. Шара барысында «Нұр Отан» партиясының белсенділері – мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары көмекке мұқтаж балаларға қайырымдылық көрсетіп, мектепке қажетті керек-жарақтарды, атап айтқанда, оқу құрал-жабдықтарын, жылы киім-кешектерді табыс етті. «Акцияға облыстық басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары белсенді атсалысты. Облыс бойынша 380 балаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Алдағы уақытта көмек қолын созып, әлеуметтік аз қамсызданған  отбасыларына өз еркімен көмектесем, акцияға атсалысам дейтін азаматтарға партия есігі ашық», – дейді Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы аталған іс-шараның нәтижелі өтуіне атсалысып, демеушілік білдірген жандарға алғыстарын білдірді.  

Серіктес жаңалықтары