Жол сапасы жақсара түспек

Жол сапасы жақсара түспек

Жол сапасы жақсара түспек
ашық дереккөзі
360
Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт жол жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды. Өңірдегі автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118 шақырымды құрайды. Биыл облыстағы жолдардың құрылыс жұмыстары үшін қазынадан 26 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, сол қаражатқа 1421,4 шақырым жол және көшелер, 10 көпір жөнделуде. Жыл соңына дейін соның 994,7 шақырымы пайдалануға беріледі. 2016 жылы 14 917,2 млн теңгеге 536,3 шақырым жолдар мен көшелер қалпына келтірілсе, былтыр 16 296,2 млн теңгеге 1 305,4 шақырым жол жөнделген. «Биыл 2017 жылмен салыстырғанда қаржы көлемі 61,6 пайызға өсіп, нәтижесінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдың ұзындығы 8,9  пайызға артты. Яғни, қайта құру мен құрылыс жұмыстарында нысан саны екі  есе артып, шақырым көрсеткіші 100 пайызға, шақырым ұзындығы 351 пайызға және бөлінген қаржы көлемі 73,3 пайызға өсім көрсетті. Күрделі  жөндеу жұмыстарымен қамтылған шақырым ұзындығы 391,3 пайызға,  бөлінген қаржы көлемі 282,3 пайызға өсім көрсетті», – деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт. Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, биыл сапалы автомобиль жолдарының үлесі 64,7-ден 70,7-ге дейін көтерілді. Айта кетейік, облыс аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір бар. 2016 жылғы қорытынды бойынша, 410 көпірдің 291-і қанағаттанарлық жағдайда болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 309-ға жетті. Ал биыл 316 көпірді жөндеу жұмыстары сәтті аяқталады деп болжануда.

Серіктес жаңалықтары