Жамбылдан бата алған

Жамбылдан бата алған

Жамбылдан бата алған
ашық дереккөзі
456
Кентау қаласының тұрғыны Нұркамал әже 102 жасқа толды. Шығыс Қазақстан облысында туған кейуана сол жерде отау тігіп, балалы-шағалы болыпты. Ашаршылық пен соғыс, тағы басқа түрлі нәубетті көрген Нұркамал әже дәрігерлердің кеңесі бойынша Кентау қаласына қоныс аударып келген екен. 102 жасты алқымдап отырған ана: «Тіпті, немере-шөберелерімнің санынан шатасатын болдым», – дейді. Өлең-жырға құмар болған кейуана жоғары бiлiм алмағанымен, кiтапты көп оқыған. Содан болар, парасат-пайымы жоғары. Ғасыр құрдасының айтуына қарағанда, бірде Шығыс Қазақстанға Жамбыл Жабаев қонаққа келіп, апамыздың орамал тағып, сәлемін салып, қазақшылықты ұмытпай көрсеткен қызметіне риза болып, батасын берген екен. Бұл күнде Нұркамал әженің үлкен қызының өзi 80 жасты алқымдап отырған ақ жаулықты ана.  

Серіктес жаңалықтары