Кочарян неге тұтқындалды?

Кочарян неге тұтқындалды?

Кочарян неге тұтқындалды?
ашық дереккөзі
235
Ереванда Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян қамауға алынды. Экс-президентті екі ай мерзімге қамау туралы үкімді Армения соты 27 шілде күні шығарды. Роберт Кочарянға «конституциялық құрылысты күйретті» деген айып тағылып отыр. Армения заңында экс-президентке тағылған айып бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 26 шілде күні Арменияның арнайы тергеу қызметі Роберт Кочарянға 2008 жылғы наразылық акциясына байланысты ресми айып тақты. Дәл осы күні тергеушілер экс-президентті оппозиция күштерінің қарсылық акциясындағы адам өліміне байланысты тергеуге алды. Ал саясаткердің қорғаушылары сот үкімімен келіспейтіндіктерін, сот шешіміне қатысты шағым білдіретіндіктерін мәлімдеді. Кочарянның айтуына қарағанда, қазіргі билік оның алдағы кезектен тыс парламент сайлауына қатысуына жол бергісі жоқ. «Бұл – саяси қуғындау. Бүгінгі заманда айыптауды осылай жасап алуға болады деп ойламаппын», – деді Роберт Качарян армян телеарналарының бірінің эфирінде. Роберт Кочарянның тұтқындалуы 2008 жылдың 1 наурызындағы ел президентіне наразылық акциясына тікелей байланысты. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы наразы жұрт Армения президенті сайлауында Серж  Саргсянның жеңіске жеткені туралы ресми қорытындымен келіспей, көшеге шыққан болатын. Үкімет наразы топқа қарсы күш қолданып, соның нәтижесінде 10 адам қаза тауып, 2 жүзге жуық адам жарақат алған еді. Сол кезде президент қызметінде отырған Кочарян төтенше жағдай жариялау арқылы наразылықты басқан. Айта кетейік, 2008 жылғы наразылық шерулерін ұйымдастырған Никол Пашинян қазір Арменияның премьер-министрі. Айастан елінің қазіргі премьер-министрі 2010 жылы сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Пашинянға ол кездері «тәртіпсіздіктер ұйымдастырды» деген айып тағылды. Алайда ол 2011 жылы амнистия бойынша бостандыққа шыққан болатын.

Серіктес жаңалықтары