Батыстағы сәтті өткен байқау

Батыстағы сәтті өткен байқау

Батыстағы сәтті өткен байқау
ашық дереккөзі
363
«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын анықтап, салтанатты түрде марапаттады. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік деп танылған әлеуметтік жоба келесі республикалық кезеңге жолданды. 2018 жылдың сәуір айында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобасы» байқауын өткізу жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылып, Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыс жоспары бекітілген еді. Бүгінге дейін өңірде жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Биылғы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы келесі 5 бағыт бойынша үздік әлеуметтік жобалардың өтінімдерін қабылдады: әлеуметтік мәселелерді шешуге ақпараттық жәрдемдесу, әлеуметтік салада волонтерлік қозғалысты дамыту, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, қиын өмірлік жағдайларды (адам саудасының құрбандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баспанасыздық және бас бостандығынан айыру орындарынан босату және т.б.) жеңуге көмектесу. Арнайы құрылған комиссияның қарауымен іріктелген 9 жобаның ішінен үздік әлеуметтік жобалар анықталып, марапатталды. Конкурстың қорытындысы бойынша, «Демеу қоғамы мүгедектер қоғамы» ҚБ басқармасының төрағасы Қожақов Біржанның «Азаматтарды, оның ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» жобасы 1-орынды  иеленді.

Серіктес жаңалықтары