Тәжікстанда шетел туристерін автокөлікпен қағып кетті

Тәжікстанда шетел туристерін автокөлікпен қағып кетті

Тәжікстанда шетел туристерін автокөлікпен қағып кетті
ашық дереккөзі
Тәжікстанда шетел туристерінің тобын автокөлік қағып өтіп, соның салдарынан Голландияның екі азаматы және АҚШ-тың екі азаматы қаза тапты. Қайғылы оқиға елдің оңтүстігіндегі Дангар ауданында 29 шілдеде болған. Көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Тәжікстан билігі шетел студенттерін қаққан адамды іздестіріп жатыр. "Шұғыл іздестіру жұмыстары кезінде Дангар ауданының Торбулок ауылында 1997 жылы туған Джаъфариддин Юсуповқа тиесілі автокөлік табылды. Автокөліктегі ақаулар оның шетел туристерін осы көлікпен қаққанын растайды", - деп хабарлады Тәжікстанның ішкі істер министрлігі. Торбулок ауылындағы арнайы операция барысында бір адам ұсталып, милицияға қарсылық көрсеткен екі адамның көзі жойылғаны хабарланды. "Қылмысқа қатысты басқа да кісілерді ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр" деп хабарланды. 29 шілдеде Ёксу ауылында белгісіз көлік жүргізуші шетел туристерін қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Соның салдарынан үш адам сол жерде қаза тапты, тағы бір турист ауруханада көз жұмды. Жеңіл жарақаттанған үш адамға медициналық көмек көрсетілді. 2018 жыл Тәжікстанда туризм жылы деп жарияланған.