«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» – АҚШ-ТА

«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» – АҚШ-ТА

«АНАҒА АПАРАР ЖОЛ» – АҚШ-ТА
ашық дереккөзі
Бұл эпикалық фильм жарыққа шыққалы бері отандық кинопрокатта да, мемлекеттік телеарналарда да үздіксіз көрсетіліп келеді. Қазақ отбасысының 1930 жылдардан бастап, күні бүгінге дейінгі бастан кешкен өмір жолы суреттелген картина енді Құрама Штаттарда қойылмақ. Фильм режиссері Ақан Сатаев: «Продюсерлеріміз, түсірілім тобымыз және мен үшін де фильміміздің АҚШ кинотеатрларында көрсетілетіні үлкен абырой. «World Wide Motion Pictures Corporation» компаниясы фильмімізден шынайылықты көріп, ондағы оқиға желісі әлемнің барлық аудиториясына ұғынықты болатынына сенім білдіргеніне қуаныштымын», – деді. «Біздің компания бірнеше ұрпақтың тарихын баяндайтын, оның үстіне «Оскар» сыйлығына ілгеріде ұсынылған терең драманы прокаттауды мақтан санайды», – деген «World Wide Motion Pictures Corporation» компаниясының бас директоры Пол Д. Хэнкок өз сөзін: «Америкалық отбасылар, әсіресе, аналар қауымы жанға жылу сыйлайтын фильмді қуана көреріне сенімдімін» деп жалғастырған. «Анаға апарар жол» фильмі АҚШ-та прокатқа биыл күзде шығады.