Головкиннің үздік 3 қарсыласы белгілі болды

Головкиннің үздік 3 қарсыласы белгілі болды

Головкиннің үздік 3 қарсыласы белгілі болды
ашық дереккөзі
Орта салмақта WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшы суперорта салмаққа өткен жағдайда, оған қарсылас атануы мүмкін үшеуді атады, деп хабарлайды Sports.kz. «168 фунттың дивизионында Давид Бенавидес пен Джеймс Дигейлдің жұлдызы жанып тұр. Олар Головкинге жақсы қарсылас бола алады. Сосын, Хильберто Рамирес те бар. Геннадийге бұл салмақта өнер көрсету үшін проблема туындамайды», - деді Леффлер. Қазір Головкин орта салмақта мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтетін екінші жекпе-жекке қызу дайындық үстінде. Рематч 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да болады.