Роза Қуанышқызы «Славян базары» президенттік марапатын иеленді

Беларусь президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі славян базары» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға «Өнер арқылы – бейбітшілік пен өзара түсіністікке» арнайы марапатын табыс етті.

«Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық», – деді Роза Рымбаева. Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі. Сондай-ақ Беларусьтің Витебск қаласындағы «Жұлдыздар алаңында» қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылды.

Back to top button