Оңтүстікте егін ору басталды

Оңтүстікте егін ору басталды

Оңтүстікте егін ору басталды
ашық дереккөзі
Облыста 196 мың гектарға масақты дақылдар егілген болса, оның 146 мың гектары бидай.Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 6 мың гектарға артып, 785 мың гектарды құрады. Биыл алғашқы болып астық оруды Қазығұрт ауданының диқандары бастаса, келесі орақты Ордабасы ауданы жалғастырып отыр. Таулы өңірде жалпы 34 мың гектарға жуық жерге бидай егілген. Ерте көктемде жауын-шашынның көптігінен егін де бітік шыққан. Яғни, жалпы өнім көлемі 80 мың тоннадан асады деп болжанып отыр. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс құрылымын әртараптандырудың нәтижесінде соңғы жылдары дәнді дақылдар 46 мың гектар, мал азықтық дақылдардың көлемі 62 мың гектар, көкөніс, бақша 6 мың гектарға артып отыр. Қарқынды егін орағы науқанымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары да жүргізілуде. Бүгінгі күнге межеленген үш мың тоннадан астам мал азығының 2073 мың тоннасы дайындалды. Биыл күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін бөлінген жанар-жағар май көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 5 мың тоннаға артқан.