Шағын фермерлік қожалықтардың дамуы – ауыл шаруашылығының өркендеуі

Шағын фермерлік қожалықтардың дамуы – ауыл шаруашылығының өркендеуі

Шағын фермерлік қожалықтардың дамуы – ауыл шаруашылығының өркендеуі
ашық дереккөзі
Таяуда «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» (бұдан әрі - ЖҚҚ) ауылдық жерлерді тұрақты дамытудың құпияларымен бөлісті. Баспасөз-туры барысында журналистер Шелек ауданындағы көкөніс өсірудің жаңа әдістерімен танысты. «Шелек Фермерлері» бағдарламасының операторы бола отырып, ЖҚҚ жобаны одан әрі дамытуды жалғастыруда – 4 жыл ішінде қатысушылар саны 4 есеге өскен. Осы ретте аудандағыфермерлердің бірі Әукенұлы Ерсінбек өз ойымен бөлісті: «Әркімнің өз сүйікті ісі бар, мен үшін бұл - көкөніс өсіру. Осының арқасында табыс табамын. «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» ҚҚ фермерлер үшін тек семинар – тренингтер, консультациялар ғана өткізіп қоймай, қаржылай қолдау да көрсетеді. 2014 жылдан бері Қордың түрлі байқауларына қатысып жеңімпаз атандым, тиісінше, көкөніс өсіруге арналған жабдықты сатып алуға мүмкіндік пайда болды. Биыл «Шелек Фермерлері» ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшесі бола отырып, жылыжай құрылысын қаржыландыру мүмкіндігіне ие болдым. Мен үшін жылыжайда көкөніс өсіру - отбасылық бизнесті дамытудың тағы бір жолы, жылыжайдың үйімнің қасында болғаны қуантады, ауа райы өнімге әсер етпейді, ал, биыл салқын әрі жаңбырлы жаз маусымы. Менікі сынды шағын фермерлік қожалықтар үшін бұл үлкен қолдау». Бүгінде аудан фермерлері шағын бизнестерін сәтті дамытып және көкөністерді өсіруде заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне ие. Осы мақсатта ЖҚҚ 2013 жылы ашылған Агробизнес орталығында фермерлерге тренингтер, семинарлар, консультациялар ұйымдастырады. Сондай-ақ басқа аймақтардан келген фермерлермен іс-тәжірибе алмасуға арналған кездесулер өткізеді. «Менің әкем ОҚО-нда жергілікті қауымдастықтар қорымен ұйымдастырылған таныстыру турынан кейін, үй-жайындағы аулада кішігірім жылыжай салу идеясын жүзеге асыруға ниеттенді. Қазір мен әкемнің ісін жалғастырудамын және үшінші жыл қатарынан жылыжайға қызанақ өсіріп келемін. Біздің жылыжайларымыздың алғашқысы өте қарапайым, қазіргідей заманауи жабдықпен қамтылмаған еді. Біз көкөністерді өз тәжірибемізге сүйеніп өсірдік. Қарапайым пеш пен пленка, жылыжайдың конструкциясы да қарапайым болды. Ендігі кезекте, Қор қызметкерлерінің кеңестері арқасында жыл сайын жылыжайды кеңейтіп, оны озық технологиялармен толықтыру үстіндемін, сәйкесінше жоғары өнімділікке қол жеткізудемін. Алғашқы көкөністерді әдеттегіден бұрын жинап алғандықтан, оларды қымбатырақ сатамын. Мен барлық жетістіктерімді «Ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасымен байланыстырамын және оның арқасында мен ғана емес, ауданымыздың өзге де фермерлері үйреніп келеді», - деді жергілікті фермер Ибрагимов Роллан. 2014 жылдан бері бағдарламаға қатысушы-фермерлер көптеген заманауи агротехнологияны кәсіпке енгізуге мүмкіндігіне ие болды, ал жылыжайларда түрлі-түсті бұрыш өсіру аудан фермерлері үшін дамудың жаңа сатысын ашады. Шелек ауданының дәстүрлі көкөнісі - бұрыш – бұрын-соңды жылыжайда өсірілмеген еді, жаңа әдіс жұмыс сапсаны жоғары көтереді. Енді фермерлер орақ маусымдын шілде айының ортасында, яғни үйреншікті уақыттан бір айға ертерек бастап, қараша айына дейін, яғни 1,5 – 2 айға, создыра алады. 7-8 ай уақытты қамтитын маусым фермерлердің қосымша табысқа қол жеткізуіне жол ашады. Осынынң арқасында, фермер-көкөнісшілер өз өнімін орта есеппен 20-30 пайызға арттыра алады. «Шелек Фермерлері» ЖҚҚ «Ауылдық аймақтарды дамыту» кешенді бағдарламасынің бір бөлігі болып табылады және біз осы жоба аясында жаңа ауыл шаруашылығы технологияларын эксперименталды аймақтарда тестілеуден өткіземіз. Жергілікті фермерлер тамшылатып суару, шпалерде қызанақ өсіру әдістерін үйреніп, топырақ бетін жабындау және өзге де технологияларды қолдануды игеруде. Біздің фермерлер ерте өнім алу мақсатында жылыжай тұрғыза бастады, әдетте, фермерлер жылыжайларда қызанақ және қияр өседі. Мен, агроном ретінде, эксперименталды учаскелерде жұмыс істеуді жалғастырамын және осы жылы жылыжайда бұрыш өсіруді қолға аламын. Кіріс пен өнімділікті саралап көремін. Қазірдің өзінде жақсы әлеуетті көремін, алдағы жылы фермерлерге жылыжайларда бұрыш өсіруді ұсынамын», - деді агроном Павел Кавунов. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту перспективаларына ел дамуының ең маңызды 10 тармағының бірі ретінде көңіл бөлді. Мемлекет басшысы бүгінгі заман жағдайы мен уақыт талабына сәйкес, ғылыми база жетегінде ауыл шаруашылығында озық технологияларды қолдануға уақыт келгенін ерекше атап өтті. Ауыл шаруашылығына ғылым мен еңбекті кірістіру - ЖҚҚ «Ауылдық аймақтарды дамыту» бағдарламасы бағыттарының бірі. Оның басты ерекшелігі - шағын фермадағы шаруашылықтарға бағытталуы, бұл қадам олардың дамуына және тұрақтылықты сақтауларына көмектеседі.