Трамптың балаларға жаны ашыды

Трамптың балаларға жаны ашыды

Трамптың балаларға жаны ашыды
ашық дереккөзі
Әлем елдерінде босқындар мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Еуропа елдерінің көпшілігі  заңсыз мигранттарды  қабылдаудан ат-тонын ала қашуда. Трамп әкімшілігі де Құрама Штаттарды босқындардан тазарту саясатын ұстанып келе жатқаны баршаға белгілі. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада ел шекарасын заңсыз кесіп өткен мигранттарды отбасынан айырмау қажеттігін айтты. Ақ үй басшысы АҚШ шекарасынан заңсыз өткен босқындарды отбасынан ажыратуға тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Балаларды ата-аналарынан ажыратуды жақсы көрмейтінін айтқан Дональд Трамп бұған ешқашан жол бермейтінін тілге тиек етті. «Маңызды жарлыққа қол қойдық. Бізде шекара өте мықты болады, бірақ біз отбасыларды айырмаймыз.   Дегенмен біз бұған «төзе алмайтын» саясатты ұстанамыз. Біздің елге заңсыз  кіретін адамдарға шыдамдылық  таныта алмаймыз», –  деді Дональд Трамп. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті жарлыққа қол қоймас бұрын Мелани Трамп «заңды бұзған ата-аналары үшін балалар уақытша ұстау абақтысына қамалмауы тиіс» деп мәлімдеген болатын. Ресми деректерге жүгінсек, соңғы екі ай ішінде арнайы орталыққа шамамен 2300 бала жөнелтілген. Ал орталықтағы балалардың ата-аналары шекараны заңсыз кескені үшін қамауда отыр. Бұл балалар әлі де жарты жылдай ата-аналарымен жүздеспеуі мүмкін. Балалардың ата-аналары табылмаса, олар жетімдер үйіне жөнелтілмек.