Сыбайлас жемқорлықтың мәселесін семинарда қарады

Сыбайлас жемқорлықтың мәселесін семинарда қарады

Сыбайлас жемқорлықтың мәселесін семинарда қарады
ашық дереккөзі
292
Алатау аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді. Сот судьялары мен қызметкерлері және кеңсе меңгерушісі қатысқан шараның ашылуында сөз алған аудандық соттың судьясы Нұржан Қарабаев әуелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әр азаматтың, мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін еске салды. Өз баяндамасында Нұржан Ерубайұлы, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңның міндет-­мақсаттарын сөз етіп, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, прогрессивті әлеуметтік­-экономикалық дамуын тежейтініне тоқталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестен барлық мемлекеттік қызметшілер сырт қалмауы қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші тек өз іс­-әрекеттері үшін емес, тұтастай ұжымның жұмысы үшін де жауапты. Сонымен қатар, мемлекет жұмыс жасауға лайықты еңбек жағдайларын жасаған соң, мемлекеттік қызметшілерден заңнаманы қатаң сақтауды талап етуге құқылы», – деді Нұржан Ерубайұлы. Семинар соңында, сот процесіне қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-­қатынаста болмау және сотқа келушілердің арандатушылық іс-­әрекеттеріне жол бермеу туралы қатысушыларға қатаң ескертілді.

Серіктес жаңалықтары