MASTERCARD ЖАҢА ТӨЛЕМ КАРТАСЫН ҰСЫНДЫ

MASTERCARD ЖАҢА ТӨЛЕМ КАРТАСЫН ҰСЫНДЫ

MASTERCARD  ЖАҢА  ТӨЛЕМ  КАРТАСЫН  ҰСЫНДЫ
ашық дереккөзі

Ко-брендинг СДУ Card-тың ерекшелігі оның қызметінің сан алуандығында. Оның чипінде ақпараттық және қаржы­лық қо­сымшалар бар. Сол арқылы университетте оқу мен бірқатар жұмыс процестері автоматтандырылған. «Контактсыз ақпаратты жеткізу қызметі тәлімгердің өмірін жеңіл­детіп қоймай, қаржы операция­ларын қауіпсіз әрі ыңғайлы етеді», – деді Қазақстандағы Mastercard өкілдігінің басшысы Геният Исин. Сонымен қатар асхана мен интернет-кафелерде PayPass арқылы төлем жасай алады.

Бұл карта арқылы университет және жатақхана, кітапханаға кіруге болады. Өйткені оның аты-жөні, тобы мен курсы, бағалары мен берешектері картада көрсетіледі. Сондай-ақ әмиянсыз төлем жасайтын мүмкіндіктері бар.

«Әзірге жаңа төлем картасы жаңа технологиялар мен инновацияларды бірден қабылдайтын студенттер аудиториясына ғана арналған. Біз оны одан әрі кең ауқымды қоғамға ұсынуды жоспарлап отырмыз», – деді Қазкоммерцбанктің директоры Андрей Тимченко. Бұл технология сауда мен қызмет көрсету орталықтарында өте ыңғайлы. Егер де тауар мен көрсетілетін қызметтің сомасы жоғары болмаған жағдайда уақыт үнемдеуге болады.

А.Бейімбет