БАНКТІҢ БІТПЕС ЖЫРЫ

БАНКТІҢ БІТПЕС ЖЫРЫ

БАНКТІҢ  БІТПЕС  ЖЫРЫ
ашық дереккөзі

Тарихы

Өнеркәсіптік Банк туралы (1925-1991)

1932 жылғы 7 маусымда

Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің «Қазақстан аумағында арнайы ұзақ мерзімді салым банктерін ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласында Өнеркәсіптік банк базасында КСРО электр шаруашылығын және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылды.

1991 жылғы 4 наурызда

КСРО Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс банкінің № 126 Қаулысы бойынша Қазақ республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі – «Тұранбанк» Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі болып өзгертілді.


ТұранБанкі туралы (1991-1997)

1991 жылғы 24 шілдеде

«Тұранбанк» Қазақ акционерлік банкі болып құрылды. 1990 жылғы 23 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісім негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.


ӘлемБанкі туралы (1992-1997)

1992 жылғы 14 ақпанда

құрылтайшылар жиналысының №3 шешімімен, Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызмет банкі «ALEM BANK KAZAKHSTAN» Сыртқы экономикалық қызмет банкі деп атауын өзгертті.

1997 жылғы 15 қаңтарда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ТұранБанк» Қазақ акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан» акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы қаулысына сәйкес «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Ержан Нұрілдәйімұлы Тәтішев тағайындалды.

БТА Банкітуралы (2008 жылдан бастап)

2008 жылғы ақпанда

«ТұранӘлем Банкі» АҚ қайта рәсімдеу процедурасы аяқталды және қаржы институты «БТА Банкі» АҚ жаңа ресми атауына ие болды.

 

1,2 млн-ға жуық жеке және 74,5 мың

 

корпоративті клиенттері бар

 

Қазақстан бойынша 22 филиалдар мен

204 бөлімшелер

Ресейде, БАӘ, Ұлыбритания және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар

БТА-ның банк желісі Ресейге, Украинаға, Беларусқа, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға, Қазақстанға және Түркияға тарайды.

Григорий Марченко:

– Әблязовтың өз стратегиясы бар: ол саяси қуғын туралы жиі айтады, алайда ешқашан саясаткер болған емес. Сөйте тұра Әблязов ешкімге таңсық емес. БТА банкінің мақсаты оны түрмеге отырғызу емес, банктен алып кеткен активтерін қайтару. Егер Әблязов оларды қайтарса, шетелде  бақытты өмір сүре берсін.

 

Бта банкі 2009 жылы дефолтқа ұшырады. Инвесторларға 12 миллиард доллар қарыз болды. Банктің ескі басшысы Мұхтар Әблязовқа БТА банкінен 5 миллиард доллардан астам қаржыны алып кетті деп айып тағылып, қылмыстық іске тартты. 2009 жылдың ақпан айында Әблязов ұлыбританияны паналады, ал Қазақстан теңгені 21 пайызға девальвация жасау арқылы шетелдік валютамен қарыз алатын барлық банктің жүгін ауырлатты. Сол жылы БТА банкінің активтерінің басым бөлігі «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына өтті.  Ал сәуірде БТА дефолт жариялады. Аблязов БТА банкінің басшылығына келген соң сатып алынған Темір банктің 1,4 миллиард қарызы анықталды. 

2011 жылғы 18 мамырда

БТА Банкі Англияның Жоғарғы Сотына бұрынғы Директорлар кеңесінің төрағасы М.Әблязовты сотқа құрметсіздігі үшін жауапкершілікке тарту туралы талап-арыз берді. Осы өтінішті қарау аясында Банк 4 миллиард АҚШ доллардан астам шығындардың өтелуін талап етеді. Банк сотқа М.Әблязовпен тиісті түрде ашылмаған 600-ден астам компаниялар туралы ақпаратты тауып, ұсынды. Сонымен қатар Банк оның пікірі бойынша сотпен тыйым салынған активтермен көптеген әрекеттердің жүзеге асырылғандығы туралы дәлелдерді ұсынды. БТА Банкінің бұрынғы Директорлар кеңесінің Төрағасын сотқа құрметсіздігі үшін жауапкершілікке тарту және оны қамауға алу түрінде оған жаза қолдану мотиві  Әблязовтың сот бұйрықтарын орындауға мәжбүрлеу, сонымен қатар активтермен заңсыз мәмілелерді даулау ниеті болып табылады. Банк, Әблязовтың заңсыз әрекеттері жазалаусыз қалмау керек деп санайды.  Бұл БТА Банкіне барынша активтерді қайтаруға және Мұқтар Әблязов қарсы алынған сот шешімдерінің орындалуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Лондон жоғарғы сотының шешімі бойынша Әблязов 2 миллиард долларды банкке қайтаруы тиіс. Ұзаққа созылған сот істері барысында Әблязовты 22 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды, сондай-ақ 30-ға жуық офшорлық компаниясы әшкереленді. Бірақ дәл қазір ол Еуропада жасырынып жүр, Ресей және Украина құқық қорғау органдары оның үстінен іс қозғады. Қазір оны тауып, елге қайтару үшін тиісті елдің басшылығымен келіссөздер жүргізілуде.