Түркілер өркениеті: Оғыз қаған кім?

Елімізде енжар дамып келе жатқан салалардың бірі тарих ғылымының теория-методологиясы мен философиясы десек, әсте қателеспейміз. Оның айқын дәлелі – соңғы ширек ғасырда осы сала бойынша әлемдік ғылыми жаңалығы бар бірде-бір сүйекті, ірі ғылыми еңбек жарық көрмепті. Керісінше, тарихи оқиғаларды жеткізумен шектелетін қаптаған кандидаттық һәм докторлық диссертациялар қорғалып, ғылымға кездейсоқ келген қаншама “жиенбайлар” мен “жолбикелер” профессор атағын алды. Әсіресе, тарихи қолжазбалар мен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін кешенді түрде тұжырымдап, түркі мәдениеті мен өркениеті турасында жаңа көзқарас, соны пікір айтқан ғылым иелерін, өкінішке қарай, өз ортамыздан көре алмай отырмыз. Әлбетте, өткен тарихымыздың белгілі бір кезеңдерін жан-жақты зерделеп, өзіндік пайым жасаған парықты азаматтар мүлде жоқ емес, сирек болса да бар. Бірақ төл тарихымыздың шындығын паш ететін кешенді жаңа философиялық байламдар жасалған жоқ. Айталық, “түркілерде өркениет болған ба, болмаған ба?” деген мәселе ғылымда әлі күнге дейін басы ашық күйде қалып отыр. Біз бүгін талайдан бері түйіні тарқатылмай жүрген осы мәселеге қатысты өз ой-тұжырымымызды ортаға салмақпыз. Сонымен, еуроцентристер айтқандай, түркілер шын мәнінде варвар болған ба, жоқ әлде, белгілі бір өркениет иелері ме?

Өркениет дегеніміз не?

Өркениет туралы сөз қозға­ғанда атақты неміс философы О.Шп­ен­­глердің «Еуропаның сөнуі», ағылшын философы А.Тойнбидің «Тарихты меңгеру», тегі жапондық тарихшы Ф.Фукуяманың «Тарихтың ақыры», американ философы С.Хантингтонның «Өркениеттің қақтығысы» атты іргелі еңбектеріне соқпай өте алмайтынымыз белгілі. Аталмыш зерттеушілердің өркениет туралы әртүрлі пайымдаулар жасағанымен, олар өркениет ұғымының латынның “cіvіlas” сөзінен шығып, XVIII ғасырдан бастап ғылымға нақты ұғым ретінде енгендігін, сондай-ақ, өркениеттің «азаматтық қоғам», «мемлекет», «қала» мағыналарын беретінін парықтайды.
О.Шпенглер мәдениет пен­ өркениетті бір-бірімен қабыс­пай­тын құндылықтар ретінде ба­ғалап, мәдениеттің рухани құн­ды­лықтардан тұратынын, ал тех­но­кратиялық жаңалықтарды иге­руі­мен өркениетті қоғамның құры­латынын айтады. Оның тұжы­рымындауынша, қоғам қаншалықты өркениет белгілерін бойына сіңірген сайын соғұрлым мәдени құндылықтардан аза бастайды. Мәселен, ол өз пайымдауларында: «Мәдениет пен өркениет дегеніміз жанның тірі денесі мен оның мумиясы тәрізді…» (Шпенглер О. «Закат Европы». 461 с) деп, өркениетті әспеттелген өлі тіршілікке теңейді. Неміс философының бұл теориясы ғалымдар арасында әлі күнге дейін талас-тартыстың тұздығына айналып отыр. Әсілі, нақты ғұмырлық тәжірибе тұрғысынан қарайтын болсақ, әлбетте Шпенглердің шындығымен келісуге болады. Себебі Батыс елдері өркениетке қадам басып, ғылыми технократиялық тұрғыдан дамығанымен, мәдени азғындануды басынан кешіріп отыр. Әйтсе де, өркениетті ақыл-ойдың жетістігі ретінде бағалаған болсақ, ақыл алға шыққан тұста, руханият кейінге кетеді деп біржақты қорытуға болмайды. 
А.Тойнби тарих сүрлеуіндегі елдерді «өркениетті қоғам» және «қарабайыр (примитивті) қоғам» деп шартты түрде бөліп қарастырады да, тарихта жиырма бір «өркениетті қоғамның» болғандығын, оның он төрті жойы­лып, жетеуінің дәл қазір өмір сүріп жатқандығын жеткізеді. Сонымен бірге, Батыс антропологтары Хобгауз, Уэлер и Гинзбергтің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, алты жүз елу «қарабайыр қоғамның» өмір сүргендігін айтып өтеді. Оның пікірінше, «қарабайыр қоғамның» халқының саны аз, территориясы тар, ғұмыры келте болады. Ал «өркениетті қоғам» ұланғайыр аумақты қамтып, соған қарай тұрғындарының саны мол һәм ғұмыры да өміршең болады. «Өркениетті қоғамдар» өзінен төмен «қарабайыр қоғамдармен» тайталас­та оларды әртүрлі айла-әдіспен бағындырып, асси­ми­лияцияға ұшыратып, жұтып жіберіп отырады (Арнольд Тойнби. «Постижение истории» . 70-71 сс). 
А.Тойнбидің көзқарасынша, «өркениетті қоғам» ұдайы ди­на­микалық қозғалыстың нәтижесінде пайда болады. Томаға-тұйық, бір орында тұрып қалған өркениеттер заман ағысына ере алмай, жойылып отырады. «Қарабайыр қоғам» да мутациялық тотығу арқылы өркениетке қол жеткізуі мүмкін. Дегенмен, «қарабайыр қоғамның» барометрі көбінесе өткен өмірдің заңдылықтары мен өкілдері болып келеді. Осы себептен де примитивті ортада немқұрайлылық басымдыққа ие. Ал «өркениетті қоғам» тек алға жылжып, жаңашылдыққа үйірсек болады (Арнольд Тойнби. Постижение истории. 77 с). 
АҚШ философы С.Хантингтон: «Біз өркениетті мәдени қоғамның жоғары сатысы ретінде, яғни кең ауқымдағы мәдени тұтастықта анықтай аламыз. Өркениеттің келесі сатысын адамзат баласының өзге тіршілік иелерінен ерекшелігі құрайды. Әлемдік өркениет тіл, тарих, дін, әдет-ғұрып, институттар, сондай-ақ, өзге де қоғамдық бірлестіктер тәрізді ортақ белгілердің көлемімен анықталады» (С.Хантингтон. «Полис», 1994, №1) деп, өркениет хақында жаңаша пікір білдіреді. Иә, әрбір өркениеттің өзіндік ерекшелікке ие екенін ескерсек, «өркениеттер қақтығысы» теориясының авторының бұл пікірімен әбден келісуге болады. Дегенмен, С.Хантингтон бұл ерекшеліктердің соңы ғаламдық бейбітшілікке селкеу түсіретінін болжайды. Оның бұл теориясы айтылған күннен бастап саясаткерлер мен ғалымдар арасында қызу талқыға түсіп қана қойған жоқ, бүгінде адамзат баласының тынышын ала бастады.

Илаһи ілім – өркениеттің бастау бұлағы

Біздіңше, илаһи ілім қанат жай­ған өңірлердің барлығы өркениет құ­ша­ғында өмір сүрген. Өйткені адамзат баласына ең қолайлы қоғам үлгісін нұсқаушы Ұлы Жаратушы болып саналады. Задында, Хақ Елшілерінің әкелген илаһи ілімімен сусындаған өлкелер жауыздық пен кертартпалықтан тыйылып, иман нәріне малынған ақыл-ойды алға шығарып, шын мәнінде өркениет биігіне көтеріле алған. Мәселен, Месопотамия пайғамбарлар көп жіберілген өңір болғандықтан, мұнда ұзақ уақыттар бойы озық мәдениеттер мен өркениеттердің үлгісі қалыптасты. Әйтсе де, бұл өңірге пайғамбарлардың көбірек келуінің себебіне үңілместен, мәселеге геосаяси тұрғыдан қарап, тарих ғылымында өркениетті меншіктеп алу немесе өркениетті белгілі бір ұлттарға телу белең алды. Жоғарыда айтылған теоретиктер өркениетке қанша жерден объективті баға бергісі келгенімен, өз ойларын негізінен еуроцентристік тұрғыдан қорытындылаған. Осындай себептерге сүйенген көптеген зерттеушілер өркениетті белгілі бір қауымдарға ғана тән құбылыс деп жүр.
Біздің пайымдауымызша, тарих қойнауындағы әрбір өркениетті тудырушы илаһи ілім деп білеміз. Себебі Хақ Елшілері Алла Тағаладан тікелей нұсқау алғандықтан, олар адамзат баласының бақытты өмір сүруінің ең тұрлаулы тұрпатын паш ете алған. Мәселен, Ислам тарихшысы Мәулана Шибли «Сират-ун Нәби» (Пайғамбардың ғұмыры) атты еңбегінде әз Пайғамбардың: «Адамдардың ең жақсысы менің дәуірімде өмір сүргендер», — деген хадис-шарифін, сондай-ақ, Хақ Елшісі Мұхаммед (с.а.у)-ның жасаған ірі-ірі рухани ізгі реформаларын негізге ала отырып, Исламның алғашқы кезеңін «Аср-Саадат» (алтын ғасыр) дәуірі (Islam ansiklopedisi. III cilt. Istanbul 1991. 501 б) деп атайды. Бұл жерде Мәулана Шибли өзінің діни парықтауымен өркениетті қоғамды «Аср-Саадат» деп атап отыр. Яғни, біздің пайымдауымызша, тарих көшінде әрбір Хақ Елшісінің әкелген илаһи ілімінің негізінде қаншама өркениетті қоғамдар ғұмыр кешкен.
Жалпы, Құран-Кәрімде жиырма бес пайғамбардың ғана есімі аталғанымен, Алла Елшісінің хабарлауына қарағанда, адамзат баласына «жүз жиырма төрт мың нәби, үш жүз он бес елші жіберілген (Ахмат ибн Ханбал, Мүснад, 5/266, Суюти, әд-Дурул-мәнсур фит-Тафсирил-Мәсур, 1/126). Діни анықтамалық еңбектерде «расул –Алла Тағаланың адамдар арасынан елшілік үшін таңдаған және уахи арқылы Алланың бұйрықтары мен тыйымдарын адамзат баласына жеткізу міндеті жүктелген құлы әрі елшісі» дегенді білдіреді. Ал «нәби» сөзіне «Алланың бұйрықтары мен тыйымдарынан хабардар етуші», өзінен бұрын келген пайғамбардың ісін жалғастырушы деген анықтама берілген (Имам Тафтазани, Шархул-Макасид, II/173). 
Задында, Құран-Кәрімде аты аталған жиырма бес пайғамбардан өзге де Хақ Елшілерінің болғандығы жөнінде: «Сондай-ақ, саған бұрынғы елшілерді баян қылдық, сондай-ақ, елшілерден саған баян етпегеніміз де бар (Ниса, 164). «Ескертуші пайғамбар келмеген ешбір үмбет жоқ» (Фатр, 24). «Әр үмбеттің бір пайғамбары бар» (Жүніс, 47) деп бірнеше рет үкім түсірілген. Яғни, көріп отырғанымыздай, жер бетіндегі қауымдардың барлығына Хақ Елшілері жіберіліп, арғы-бергі тарихтағы әлейім жұртшылық хақиқатпен қауышып, өркениетті қоғамды басынан кешірген. Осы себептен де біз өркениетті белгілі бір өлкелер мен қауымдарға тиесілі деген қасаң түсінікті жоққа шығарамыз. Десе де, әртүрлі себептерге байланысты, руханият пен ақыл-ойдың азғындануының нәтижесінде өркениетті қоғамдар күйреп отырған. Мәселен, Құран-Кәрімде Сәмуд, Ғад, Лут секілді қала мәдениеті дамыған өркениетті қоғамдардың азғындануының соңы тып-типыл, жойылып кетуімен аяқталғандығы баяндалады.

Оғыз қағанның
символдық сипаты

Құран-Кәрімдегі «Ескертуші пай-ғамбар келмеген ешбір үмбет жоқ» (Фатр, 24) деген аятты негізге алсақ, біздің ата-бабаларымызға да Алла Елшісінің келгені хақ. Осыны алғаш аңғарған зерттеушілердің бірі тарихшы Дархан Қыдырәлиев болатын. Ол «Түркілерде де пайғамбарлар болған-ды» атты мақаласында Исламға дейінгі түркілердің діни түсінігін талдай келіп, ата-бабаларымыздың ханиф дінін (монетеизм) ұстанып, олардың тәңірді кейде Баят, Иди, Чалаб, Ачу деп атағанын жеткізеді. Тіпті, көне түркілердің жаратылыс туралы аңыздарында Ібілісті Еркілік деп атағанын, оның Құдайдың тапсырмасын (адамзаттың жаратылуына қарсы шыққаны үшін) орындамағаны үшін лағынеттелгенін айтып, бұл әпсананың Құрандағы Адам пайғамбардың жаратылуы жайлы аяттармен сабақтас екенін алға тартады. Сондай-ақ, түркілердің ақырет сенімінің де исламмен терең үндестік табатынын айтып өтеді. Мысалы, түркілердің тозақты – тамұқ, жаннатты – ұшпақ (ұжмақ) деп атағанын жеткізеді (Дархан Қыдырәлиев. Атымды адам қойған соң. Алматы 2008. 15-16 беттер). 
Дінтанушы-философ Досай Кенжетай ағамыз да түркілердің діни сенімінің хақиқи сенімнен алшақ емес екенін айтады. Ол Исламдағы сопылық ілім мен түркілердің мистикалық түсінігінің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін өз зерттеулеріне арқау еткен. Бұл тұжырымдамасына Қорқыт атаның мистикалық ғұмырын негізге алған. Қорқыт ата мен Қожа Ахмет Ясауидің ғұмырлық діни көзқарастарын салыстырып, екі ғұламаның дүниетанымы мен ойлау жүйесінен ұқсастықтар іздейді (Қараңыз: Досай Кенжетай. Қожа Ахмет Иассауидың дүниетанымы. Түркістан 2005). 
Бұл екі зерттеушіден өзге С.Аюпов, М.Әуезов, Ә.Қодар, А.Сейдімбек, О.Біләлов секілді зерттеушілер түркілердің Исламға дейінгі сенімі турасында өзіндік ой-тұжырымдарын ортаға салып, ата-бабаларымыздың монетеистік сенімде болғанын айтқанымен, түркілерге келген Хақ Елшісінің есімін нақ атай алған емес. 
– Десекте, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың келтірген дерегіне қарағанда, түркілерге Озған атты пайғамбар келген көрінеді. Оның айтуына қарағанда, түркілерге жаңа пайғамбар Мұхаммед (с.а.у)-ның діні туралы хабар жеткенде, бабаларымыздың бір тобы араб түбегіне сапар шегіп, Мұхаммед (с.а.у)-мен жүздесіп, өздерін: «Озған (Оғыз қаған) пайғамбардың үмбетіміз деп таныстырғанда (Қараңыз: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 8-том 59-бет) Алла Елшісі түркілердің бұрынғы пайғамбарын терістемеген көрінеді. Сондай-ақ, белгілі фольклортанушы Шәкір Ыбыраевтың жинаған аңыз-әңгімелерінде де Озған атты пайғамбардың есімі ұшырасады (Қараңыз: Қазақтың мифтік әңгімелері. Құрастырған Ш.Ыбыраев, П.Әуесбаева. Ғылым баспасы. Алматы 2002). 
Тегінде, түркі халықтарында Озған пайғамбар немесе Оғыз қаған туралы «Оғызнама» атты көне дастанның бар екендігі баршаға аян. Бұл дастанның бүгінгі күнге аздаған ерекшеліктері бар Исламға дейінгі және Исламнан кейінгі екі нұсқасы жеткен. Екі нұсқаның мәтінінде кейбір атау­лар мен терминдердің өзгешелігі болғанымен, жалпы екі нұсқаның желісі бір. Көптеген зерттеушілер осы шаққа дейін «Оғызнаманың» бұл екі нұсқасын зерттеп, бұл туындыға қатысты өз пікірлерін берген. Әйтсе де, зерттеушілердің басым көпшілігі «Оғызнаманың» әдеби һәм тілдік қырын зерттеумен шектелген. Тек, кейбір зерттеушілер ғана Оғыз қаған қиялдан туған образ емес, оның тарихи тұлға екенін болжайды. Мәселен, Н.Я. Бичурин Оғыз қағанды хұндардың тәңірқұты Мөде екенін айтады (Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрания сведений о народах, обитавших а Средней Азии в древние времена. Москва 1950 т. 1. 46-47 сс). Иакинф әкейдің бұл болжамын түрік зерттеушісі Ахмет Кабак­лы да жақтап, ол да Мөде мен Оғыз қағанды бір кейіпкер деп біледі (Ахмет Кабаклы. Түрік әдебиеті. Ыстанбул 1997. 12 б)
Жалпы, Оғыз қағанның образын Ескендір Зұлхарнайын, Шыңғыс хан, Бұқа ханмен, Жәнібек ханмен теңестірген басқа да зерттеушілер болған. Дегенмен, біздің Бичуриннің болжамына тоқталуымыздың өзіндік себебі бар. Иакинф әкей Оғыздың өз әкесі Қараханды жеңіп таққа отыруын, Мөденің әкесі Туманды өлтіріп билікке келуіндегі ұқсастықты алға тартып, екеуін тарихи бір тұлға деп болжайды (Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрания сведений о народах, обитавших а Средней Азии в древние времена. Москва 1950 т. 1. 46-47 сс). Сонымен бірге, екі тұлға да жарты әлемді жаулап алған ұлы жиһангер болатын. Мысалы, тарихи еңбектерде Мөденің Шығыстағы Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі аралықтағы 36 мемлекетті жау­лап алғандығы айтылады (Қазақстан тарихы. Алматы 1998. І том. 245-246 беттер). Әбілғазы да өзінің «Түрік шежіресінде» Оғыз қағанның бір тәңірге сенуді дәріптеп, Моңғол, Татар, Шүршіт, Қытай, Тұран, Үндістан, Иран, Шам, Мысырға жорық жасап, жаулап алғандығын жеткізеді (Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы. Ана тілі. 1991. 18-22 беттер). 
Әсілі, біздің айтпағымыз бұл емес. «Оғызнама» дастанындағы кейіпкер кім деген мәселе-тін. Оғыздың туыла салып, анасына Тәңір-Тағалаға иман келтірмейінше, емшегін ембейтінін айтуы (Оғыз-наме. Мұхаббат-наме. Алматы 1986. 36 б), пайғамбарлық сипат екені талассыз шындық. Себебі бүкіл пайғамбарлар «исмат» (күнәсіз, пәк) сипатымен ғұмыр кешеді (Журжани. Китабут-Тарифат. Бейрут 1987. 150 б). Тіпті, Оғыз қағанның тілі шығысымен «Алла, Алла» деуі, Көр хан мен Көз ханның қыздары кәпір болғандықтан, олармен төсектес болмауы, дінсіз әкесін жеңіп таққа отырғаннан кейін, кәпірлерге қарсы ғазауат жасауы (Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы. Ана тілі. 1991. 16-22 беттер), оның шынында да пайғамбар болуы бек мүмкін екенін аңғартса керек. Дегенмен, Оғыз қаған әкелген илаһи ілімнің жұрнағы ретінде қандай мәдениет пен өркениетті көрсете аламыз?

Шяньшидағы 
түркі пирамидасы

Иә, Оғыз қаған Хұндардың тәңір­құты Мөде қаған (б.э.б 174ж) болса, хұндардың, олардан тараған түріктер һәм оғыздар мен қыпшақтардың мәдениеті қандай тарихи мәнге ие? Исі бүтін әлем осы күнге дейін біздің ата-бабаларымызды көшпелі мәдениеттің өкілдері ретінде танып келді. Расында да, хұндардың ізашары қыпшақтардың басым көпшілігі көшпелі ғұмыр кешті. Бірақ, көшпелі өмір дегеніміз жа-байылықтан тұрмайды. Біз көшпелі өмір сүргенімізбен, америкалық үндістер секілді бұтымызға жапырақ байлап, лашық пен күркеде тұрған жоқпыз. Біздің көшіп-қону салтымыз бен киіз үйіміз жоғары мәдениетке ие-тін. Сондай-ақ, көшпелі ғұмырдың негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығынан тұрды. Әсіресе, қыпшақ қауымы интенсивті түрде мал шаруашылығын дамытуға ден қойған (Қазақстан тарихы. Алматы 1998. І том). Тегінде, адамзат баласы ықылым заманнан бері мал шаруашылығымен шұғылданып келеді. Адам атаның бір баласы Қабыл отырықшы өмір сүруді таңдап алса, ал Абыл мал шаруашылығын кәсіп еткен (Пайғамбарлар қиссасы. Алматы, 2010. Кәусар-Саяхат бас­пасы. 33-36 беттер). Яғни мал шаруашылығы сонау арғы бабамыз Абылдан қалған асыл мұра кәсібіміз десек, әсте қателеспейміз. Бүгінгі күні де мал шаруашылығы тіршілігіміздің бір парасын құрап келеді. Ет, сүт, май секілді ішпек-жемектен өзге, күнделікті киім кию мәдениетіміздің, сондай-ақ, кейбір медициналық құрал-жабдықтардың да шикізатын мал өнімдерінен аламыз. Яғни мал өнімде-рісіз тіршілігімізді көз алдымызға елес­тету мүмкін емес. 
Түркілердің шаруашылығы тек мал шаруашылығын дамытудан тұрмаған. Оларда қала мәдениеті де біршама дамыған. Тіпті түркілер көне мысыр перғауындары секілді аспанмен тілдескен биік пирамидалар да тұрғызған. Мысалы, түрік зерттеушісі Октан Келеш Қытайдың Шяньши провинциясының орталығы Шянь қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан ежелгі пирамидаларды зерттеп, бұл тарихи кешендерді түркілерге тән деп тұжырымдады. Ол 2009 жылы осы пирамидалардың біріне бас сұғып, бірнеше мумияланған денелер мен ескерткіштерді көргенін, ескерткіштің біріне «ай жұлдыз, қасқыр басылары» деген жазу бар екенін, үш метрге тақау гранит тасынан жасалған бір ескерткішті қытай жолбасшысы: «Бұл — сіздердің бабаларыңыз Оғыз қаған», — деп таныстырғанын хабарлады. 
Жалпы, Қытайдағы түрік пирамидасын ІІ Дүниежүзілік соғыс кезінде американдық ұшқыш Жамес Гауссман Үндістаннан Қытайға ұшып бара жатып байқап, бұл мәліметті алғаш болып әлемге таратқан болатын. Бұдан кейін бұл тарихи кешенді германиялық зерттеуші Харлвиг Хаус Дорф зерттеді. Оның жеткізуіне қарағанда, осы жазықта ірілі-ұсақты 100-ге тарта пирамида бар екен (Мұхан Исахан. Қытайда түркілерге тән пирамида табылды. Қазақстан-Заман. 2010 №13). Сөз жоқ, бұл ғылыми жаңалықтар тарихта түркі өркениетінің болғандығын айғақтайды.

Трансоксания – түркі өркениетінің алтын бесігі

Зерттеушілердің көпшілігі көне Орталық Азияны «Трансоксания» деп атайды. Ф.А.Брокгауза мен И.А.Ефрона «Энциклопедиялық сөздігінде» «Трансоксания» деп — бүгінгі Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан аймағын көрсетіп, «Оксус» деп Амудария өзенін атайды. Белгілі тарихшы Зәки Валиди Тоған «Оксус» деп Амудария мен Сырдария жағалауы айтылатынын, бұл сөздің түбірі «Өгіз» сөзінен шығатынын айтып өтеді (З.Валиди Тоған. Аму Дария. Ыстанбул 1950. 419-б). Археологтар К.Байпақов пен А.Нұржанов Сырдария жағалауын Оғыз даласы дей келіп, Түркістан алқабындағы Қарашықтың көне атауы Өгіз қаласы деп аталғанын айтады (К.Байпақов пен А.Нұржанов. Ұлы жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. Алматы 1992. 80-бет). Ал оғыздардың мекені осы Сырдария жағалауы, саяси орталығы бүгінгі Қазалы қаласының төңірегіндегі Жаникент қаласы болған­дығы тарихшы қауымға аян (Қазақстан тарихы. Алматы 1998. І том. 314-321 беттер)
Трансоксания мәдениетін зерттеген тарихшы-археологтардың көпшілігі бұл өлкеде ірі-ірі қалалардың болғандығын көрсетіп өтеді. К.Байпақов пен А.Нұржанов өз зерттеулерінде Оғыз даласында Ортағасырлық жүзге жуық дамыған қалалардың атын атайды. Қалаларда шахристан, рабад, мешіт-медресе, сауда нүктелері, сондай-ақ, ғажайып тарихи ескерткіштердің тұрғызылғандығын, тұрғындардың сумен қамтамасыз етілгендігі, тіпті кәріз (канализация) жүйесін де пайдаланғандығын жеткізеді. Қала тұрғындарының қолөнер, сауда-саттық, егіншілік және кен қазу жұмыстарымен шұғылданғандығын дәлелдейді (Қараңыз: К.Байпақов пен А.Нұржанов. Ұлы жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан. Алматы, 1992). Айта берсек, трансоксания қалаларының архитектуралық-мәдени ерекшеліктерін бір мақалаға сыйғызу әлбетте мүмкін емес. Дегенмен, ата-бабаларымыздың қала мәдениетін де дамытқанын ешкім жоққа шығара алмайды. 
Түйін
Сонымен, түркілерде өркениет болған ба, болмаған ба? Әлбетте, бұл сауалға бірден жауап беру қиын. Дегенмен, өркениеттің белгісі саналатын жазу түркілерде болған. Кен өндіру саласы өзгелерден көш ілгері дамыған. Мал шаруашылығымен қатар, отырықшылық пен қала мәдениеті де біршама өркендеген. Өркениетті қоғамның бастау-бұлағы болуы тиіс Хақ Елшісі де түркілерге келген. Түркілердің өмір сүру заңдылықтары, яғни ар-ұжданды ұлықтайтын әдет-ғұрып құқықтық нормалары осы илаһи ілімнен бас­тау алған. Демек, біздің ата-ба­баларымыз да белгілі бір өрке­ниет­ті қоғамда ғұмыр кешкен. Түркілер өркениетті «Алтын ғасыр», «Жерұйық», «Жиделі байсын», «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман» деп атаған. Әрине, түркі өркениеті турасында айтсақ, әлі де біраз толғауға болар еді. Десе де, біздің міндет – санаға ұялаған ізгі ойды оқырманға жеткізу ғана. Одан арғысын көпшіліктің талқысына салдық…

Мұхан Исахан,  Нұр-Мүбәрак Египет 

Ислам мәдениеті

университетінің докторанты

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
9b217fde f88b 4b82 8186 a5004fdc1d75

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті...
780c41cd d8ca 4b74 9ba9 f791c92f698e

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар...
aa4845f2 ad0d 45b1 8f05 2c9cc2c2c3ee

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым...

Жаңалықтар

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...

Әзірбайжан Таулы Қарабақта әуежай құрылысын бастады

Әзірбайжан билігі Таулы Қарабақта халықаралық әуежай құрылысы басталатынын мәлімдеді. Нысан Иранның шекарасына жақын жерде, Шуша қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Физулиде бой көтереді. Ел президенті...

Алғыс айту күні: Елордада мерекеге орай қандай шаралар өтетіні белгілі болды

Елімізде 1 наурызда Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл мерекеде елордалық театрлар медицина қызметкерлерін, эпидемиологтарды, педагогтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін спектакль көруге шақырады, деп...

Жол карталарын іске асыруға мониторинг жүргізу үшін цифрлық платформа әзірленеді – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында партияның алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 1 наурызда «Nur Otan» партиясының құрылғанына...

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан теміржол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы...

Винсент Ван Гогтың «Монмартрдағы көше көрінісі» картинасы сатылымға шығарылды

Винсент Ван Гогтың әйгілі картинасы – "Монмартрдағы көше көрінісі" саудаға шығарылды. Сурет бұрын-соңды көпшілік назарына ұсынылмаған, картина қайтадан сатылғанға дейін, Қытайда содан кейін Голландияда...

Қызылордада сауна әкімшісі жеңгетайлықпен айналысқан

Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан азаматша ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. "Қызылорда қаласында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында пайдакүнемдік мақсатта жеңгетайлықпен айналысып жүрген азаматша анықталды. Облыс орталығындағы сауналардың...

Білікті хирург қандасымыз: Орыс тілін білмегендіктен базар жағалап кеттім

https://youtu.be/zzD6QU3BF6M Сюжет авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ Тілші Ділда Уәлибек

1 наурызда әскерге шақыру басталады: Қорғаныс министрлігі негізгі өзгерістерді атады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады....

Қырымбек Көшербаев Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Елордада Ж.Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. ҚазАқпараттың хабарлауынша, шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Мәдениет және спорт...

Қырғызстан президенті Путинге не сыйлағанын айтты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ресейге жұмыс сапары кезінде Владимир Путинге қылыш сыйлады. Бұл туралы ол "Россияская газетаға" берген сұхбатында айтты. "Бұл қылышты Қырғызстанның ең мықты...

Елімізде азық-түлік жеткізу нарығы 75 пайызға өскен

2020 жылы Қазақстанда азық-түлік жеткізу нарығы 75% - ға өсті. Бұл туралы Chocofood қызметінің директоры Николай Щербак хабарлады, деп хабарлайды LS. Карантинге байланысты Қазақстанда азық-түлік...

Әлемде коронавирус құрбандарының саны 2,5 миллионнан асып жығылды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,5 млн-ға жетті.  Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет жұқтырғандардың 89 миллионы емделіп шықса, 2 507 624-і қайтыс болды. COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша...

Семейде 1879 жылы салынған тарихи ғимарат өртенді

Ғимараттағы өрт тек таң ата ауыздықталған. https://youtu.be/AwAQx5E_MLA Өрт 26 ақпанда Абай даңғылында 00 сағат 46 минут шамасында басталған. Өртті сөндіруге барлығы 19 техника, 55 адам жұмылдырылды....

Алматы облысында Ан-2 ұшағы мәжбүрлі түрде қонды

"Азия Континенталь" әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км...

Омбыда Халықаралық ана тілі күні атап өтілді

2021 жылғы 24 ақпанда халықаралық ана тілі күніне орай Қазақстанның Омбыдағы Консулдығының басшысы Ырысқали Дәуренбек «Омбы қазақтары» аумақтық қоғамдық ұйымының басшылығы, жергілікті қазақ тілі...

Елімізде сүт өндірісі бойынша қай өңір көш бастап тұр?

Шығыс Қазақстан облысы сүт өндірісі бойынша республикада көш басында тұр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты. «Соңғы бес жылда...

Ең сұлу волейболшылар рейтингі: Ресейлік спортшы Сабина Алтынбекованы басып озды

Грек басылымы Gazzetta планетаның ең сұлу волейболшы аруларының рейтингін жариялады. Рейтингте 25 жастағы ресейлік Алиса Маненок көш бастады, деп хабарлайды Politic. Бұған дейін аталған рейтингте...

Теміртау қаласының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Теміртау қаласын жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жұмысында ақау болып, тұрғындар аязда жылусыз қалды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов өңір халқынан кешірім сұрады. Мамандар...

2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді

2021 жылы Қазақстанда Көші-қон саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленеді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы...

Әлемдік ТОП-50 қатарына енген Қазақстан дзюдошылары

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Тель-Авивте өткен әлемдік «Үлкен шлем» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаңартылған рейтинг бойынша ТОП-50 қатарына енген қазақстандық дзюдошылар...

Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады, – деп хабарлады Ақорда. Кездесу барысында Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның қазіргі...

Жамбыл Жабаев – 175: Киевте поэзия кеші өтті

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы...

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетін Артур Платонов басқарады

Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып Артур Платонов тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді. «Артур...

Нұр-Сұлтанда банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды

Түн ішінде елордадағы банктердің бірінің ғимаратына есігін сындырып кірген екі күдікті ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 02:30-да ішімдікке еліткен 2 жігіт шыны...

Қарағандылық судьяның ісін Жоғарғы сот қарайды

Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің ісі Жоғарғы сотта қаралады. Судьяның әріптестері оның әрекеті судья әдебі кодексіне қайшы келетінін айтады. Алайда оған қатысты шешім...

Бүгін елорда мен Ақмола облысының оқушылары қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында ауа райына байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды. «26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9...

Өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда өткен тәулікте 855 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 135, Алматы қаласы - 110, Шымкент қаласы -...

COVID-19: АҚШ-та вакцинаның күшін әлсірететін вирустың жаңа түрі пайда болды

Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінуге кедергі келтіреді, – деп жазды...

«Ұлы дала таңы» фильмінің түсірілім жұмысы басталды

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімі басталды, – деп хабарлады «Қазақфильм» киностудиясының...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

«Қазгидромет» мамандары 26 ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей уақытта қар жауады....

Марсқа қонған Perseverance тіршілік іздейді

Бейсенбі күні кешке NASA ғарыш агенттігі Марсқа жаңа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды (ағыл. – табанды, қайсар), - деп хабарлайды ВВС. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті...

Армения Қарулы күштері Пашинянның отставкаға кетуін талап етті

Армения әскері елдің премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.  Бас штаб басшысы Оник Гаспарян қол...

Доллар бағасы тағы да арзандады

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы төмендеді. Ұлттық банк 26 ақпандағы америкалық валюта бағамын атады. Жұмада теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 414,77 теңге болады. Бұл ретте...