Қыс ашуына енді мінеді

Қыс ашуына енді мінеді

Қыс ашуына енді мінеді
ашық дереккөзі

Кешегі күнге дейін ауа райы жайлы болып келді. Тіпті, еліміздің шығыс өңірінің
халқы да аязды күнді асыға күткен. Ал синоптиктер қаңтар айының басында
Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы күрт суытатынын болжап отыр. 
Қаңтар айының алғашқы аптасында Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан,
Павлодар облыстарында, 4-6 қаңтарда Қарағанды, 5-6 қаңтарда Шығыс Қазақстан
облыстарында ауа райы күрт суытады. Түнде 30-35, кей жерлерде аяз 38
градусқа дейін жетеді, күндіз 23-28, кей жерлерде 31 градус аяз болады деп
күтілуде.
Сонымен бірге, синоптиктердің болжауынша 4-6 қаңтарда Қызылорда облысында түнде
20-25-30, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 градусқа дейін аяз түседі. 5-6 қаңтарда
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде 15-20-25, күндіз 10-15,
кей жерлерде 18 градус аяз болады.
Қазірдің өзінде Астана қаласында ауа райы күндіз 33-35 градусқа дейін суытты.
Демек, қытымыр қыс ашуына енді мінетін сияқты.

Д.Дүрмән