«Кедергісіз келешек» күш алуда

«Кедергісіз келешек» күш алуда

«Кедергісіз келешек» күш алуда
ашық дереккөзі

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Төрағаның орынбасары Жамбылдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде болып, партияның Жамбыл облысындағы филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясына қатысты. 
Іссапар аясында Бауыржан Байбек Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында этномәдени бірлестіктердің жетекшілері «Нұр Отан» партиясы Доктринасының ұлтаралық қарым-қатынастарды нығайту саласына қатысты мәселелер де ортаға салынды.  
Партия «Кедергісіз келешек» жобасын қолға алуда. Аталмыш жоба айналымға енген алғашқы айдың өзінде 500-ден аса мүгедек жандар жұмысқа тұрды. Аталмыш жоба аясында ақпан-сәуір айларында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырыла бастайды.
Жәрмеңкеде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Жамбыл облысында қолға алынып жатқан іс-шаралармен танысып қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініш-арызына құлақ түрді.
Бұл жәрмеңкеде мүгедектерге 224 жұмыс орны ұсынылып, еңбекке баулуға әзір 30-ға жуық ұйым қатысты.  Жәрмеңке қорытындысы бойынша 200-ден аса кісі жұмысқа тұруға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеден соң,  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның Жамбыл облысындағы филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясына қатысты. Конференция барысында облыс әкімі Кәрім Көкрекбаевтың аталмыш филиалдың төрағасы болып сайлануымен құттықтап, өңір басшысына жаңа үлгідегі партиялық билетті табыс етті.

Түс ауа Бауыржан Байбек «Қызыл жұлдыз» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, оларға да жаңа үлгідегі партия билеттерін табыстады.

Гүлзина БЕКТАС