АТА ЗАҢНЫҢ САҚШЫЛАРЫ

АТА ЗАҢНЫҢ САҚШЫЛАРЫ

АТА ЗАҢНЫҢ САҚШЫЛАРЫ
ашық дереккөзі

Әділет департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Әділет департаменті өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститу­циясы мен заңдарына, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті мен Үкіметінің ак­тілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық ак­тілерге сәйкес жүзеге асырады. 

Әділет департаменті қолданыстағы заң­на­маға және оған жүктелген міндеттерге сәй­кес төмендегі функция­ларды жүзеге асы­рады: 

Тіркеу және құқықтық көмек көрсету ко­митетінде тіркелетін заңды тұлғалар, оның филиалдары мен өкілдіктерді қос­па­ғанда, рес­публика облыстарының ау­ма­ғында жұмыс істейтін жергілікті қо­ғамдық бірлестіктерді, жергілікті діни бірлестіктерді, діни басқармаларды (орталықтар), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырлар мен басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу, қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу; сонымен қатар қоғамдық қорларды, оның филиалдары мен өкілдіктерін және заңды тұлғалардың бірлестіктерін (ассоциация немесе одақ нысанындағы )? Оның филиалдар мен өкілдіктері;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу; 

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді бақылау; 

Аумақтың нотариаттық палатасымен бірлесіп жекеше нотариустың қызмет аумағын анықтау; 

Адвокатураның жеке және заңды тұл­ғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің са­пасын бақылау; 

Бағалау қызметі саласында бағалаудың тәуекел деңгейінің өлшеміне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауына тексерулерді жүзеге асыру; 

Құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысу; 

Тағылымдамадан өткен және адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу; 

Азаматтық хал актілерін жазудың ақпараттық жүйесін жүргізуді бақылау; 

Жеке және заңды тұлғаларды зият­кер­лік меншік саласындағы Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасын сақтау мәніне тек­се­руді жүзеге асыру; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру. 

Алматы қаласы Әділет департа­мен­тінің қыз­меті осы бағыттарда жүргізілуде, мақ­сат – жұмысты одан әрі жетілдіріп, алға қойған басым міндеттерге қол жеткізу. Ол үшін жауапты тұлғаларға және құрылымдық бөлімшелерге негізгі қызметтері бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, жетістіктер мен кемшіліктер кеңінен талқыланып отырылады.

Әділет органдары көрсететін қызмет­тер­дің сапасы мен жеделділігін арттыру мақ­сатында Әділет органдардың қызметін автоматтандыру, соның ішінде азаматтар Интернет арқылы қызметтерге қол жеткізуі бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Халыққа қызмет орталығы арқылы қызмет түрлерін көбейтіп, «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы жаңа құбылыстарға қатысты халық арасында түсіндірушілік жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы міндеттер Әділет департаментінің алдында өзекті мәселе болып қойылуда.

Есболғанова Гүлмира,

Алматы қаласы, 

Бостандық ауданы

Әділет басқармасының басшысы