ҚАДІРЛІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚАДІРЛІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!

ҚАДІРЛІ «ТҮРКІСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ!
ашық дереккөзі

Тарих газет бетінде жазылады. Оған дәлел ретінде бүгінде 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан «Түркістан» газетін келтіруге болады. Басылым  сандаған жылдан бері ақпарат айдынында еркін жүзіп, оқырманын шынайы ақпаратпен, мазмұнды мақалаларымен сусындатып келе жатыр. 

Соңғы 20 жылда тәуелсіз Қазақстан тарихында болған айтулы жаңалықтардың барлығы басылым бетінен көрініс тауып, жылнамаға жазылды. 

«Түркістан» газеті Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға, халықты бірлікке шақырып, ұлтымызды ұлы мақсаттарға жұмылдыруға үлес қосып келеді. Өзіндік бет-бейнесі мен ұстанымы бар газет еліміздің ақпарат нарығынан ойып тұрып орын иеленген, сан мың оқырманы мен тұрақты авторлары бар сақа басылым. 

Қазаққа өзіндік айтары бар, абыройлы басылым ретінде 20 жылдық мерейлі белесті бағындыруларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. 

Елімізбен бірге жасасып, әлі талай ұрпақты көшелі сөзбен, парасатты пайыммен сусындатып, Қазақстанның шынайы патриоттарын тәрбиелеуге үлестеріңізді қоса беріңіздер. 

Шабыттарыңыз арынды, қаламдарыңыз қарымды болсын! 

Құрметпен, 

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары 

Бағлан Майлыбаев