«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТЕДІ
ашық дереккөзі

Өткен жылғы 30
мамырда «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты, еліміздегі «Ең үздік
қоғамдық-саяси басылым» – «Ақиқат» журналының жүлдесі үшін журналистер
арасында тұңғыш шахмат турнирі ұйымдастырылған болатын. Қазақ Ұлттық
Политехникалық университетінің шаңырағында өткізілген сол турнирге
Әлемнің шахматтан бірнеше  дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік қатысып,
«Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлім ағасымен достық матчта
жеңіске жеткен еді. Биылғы турнирді қазақтың атын әлемге танытып жүрген
кішкентай Жансаямыздың шахмат академиясында (Сәтбаев және Байсейітова
көшелерінің қиылысы), 11 шілде күні өткізгелі отырмыз. Оның үстіне, биыл
«Қазақ газеттері» Серіктестігінің құрылғанына 15 жыл толады. Осы
мерейтой аясында өтетін іс-шаралардың бірі – журналистер арасындағы
дәстүрлі шахмат турниріне қатысуға тілек білдірушілердің  өтініштерін
қабылдап жатырмыз. 

Барлық әріптестерімізді шахмат
турниріне белсенділікпен қатысуға шақырамыз. Жарқын жаңалықтан, жақсы
іс-шарадан сырт қалмаңыздар, бұқаралық ақпарат құралдарының
қыз­меткерлері! Өтініштеріңізді біздің электронды поштамызға
kaz_gazeta@mail.ru  жолдауларыңызға болады, немесе 394-37-42 , 394-42-90
және 8-701-620-21-14 телефондары арқылы хабарласып, тіркелуге болады.

«Қазақ газеттері» ЖШС