ГҮЛГЕ КӨМКЕРІЛГЕН ЕЛОРДА

ГҮЛГЕ КӨМКЕРІЛГЕН ЕЛОРДА

ГҮЛГЕ КӨМКЕРІЛГЕН ЕЛОРДА
ашық дереккөзі
Астанаға жаз кешігіп келді. Ауа райының құбылмалы, жауын-шашынды болуы салдарынан елорданың көшелері мен аулаларында гүл отырғызу жұмыстары жылдағыға қарағанда кеш басталды. Бірақ соған қарамастан белгіленген жұмыс ауқымы жақын күндері аяқталатын түрі бар. Елорданы гүлдендіретін мекемелердің бірі – «Астана-Зеленстрой». Бұл мекеменің арнайы жылыжайы бар. Гүл түптері сонда дайындалады. Бұл қол күшін және шыдамдылықты қажет ететін жұмыс. Мекеме жұмысшылары бұған әбден төселіп алған. Күніне бірнеше гектарға гүл отырғызу олар үшін естен кетпес мереке сынды. Биылғы маусымда Астананың гүлзарлары мен саябақтарына, көше бойлары мен жиектеріне, тыныстап, демалатын орындардың маңына 5,5 миллион түп гүл егіледі деген жоспар бар. Мамандардың есептеуінше, оның көлемі 16 гектарға жуықтайды екен.Әдетте бұл жұмыс бас қалада мамырдың ортасында басталып кететін. Биыл ауа райы кедергі болып, бір апта кеш басталды. «Астана-Зеленстрой» мекемесі жылдан-жылға гүлдердің түрлерін көбейтумен айналысып келеді. Мұның өзі гүлзарлардың бір-біріне ұқсамай, айрықша көрініс беретінін айта кеткен абзал. Сонымен бірге олар гүл отырғызудың жаңа техникасын да меңгере бастаған. Мұның мәнісі – гүлдердің де, оны отырғызудың техникасын да әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеріп алды. Биыл Астанадағы гүлзарларға жылдағыдай бір жылдық гүлдердің елуден аса түрі егілмек. Сонымен бірге көпжылдық гүлдердің де отыздан астам түрі отырғызылады. Бұл жұмысқа мыңға жуық адам жұмылдырлып отыр.