Жас десантшылар әскери ант қабылдады

Жас десантшылар әскери ант қабылдады

Жас десантшылар әскери ант қабылдады
ашық дереккөзі
1665
Жаңа шақырылған десантшылар ант қабылдады Бұл күн жас сарбаздар мен олардың ата-аналары мен туысқандары үшін де үлкен мереке. . Ант қабылдау адам өмірінде бір рет қана келетін салтанат. 1000-ға жуық жаңа шақырылғандар Отан қорғаушылар атанды. Салтанатты рәсімде Отан соғысы және Қарулы Күштерінің ардагерлері, әскери бөлімдердің командирлері, сарбаздардың туған туысқандары мен достары бір мезетте жүріп өтті. Бір айдан аса үйден кеткенмен жас жауынгерлер әскеои саптық жаттығуларын үйреніп үлгерген. Айта кетерлігі жауынгерлер ант қабылдамастан бұрын бір ай бойы жалпы әскери дайындықтан өтіп, сапта жүруге жаттықты, денелерін шынықтырып, қару-жарақты меңгерді. Ата-аналар сапта тұрғандарға қарап, "өздерінің" сарбаздарына аса ыждаxаттылықпен қарады. Қалың топтың арасынан: - Біздің Мақсат қандай ер жеткен?!,- деп қатардағы Амир Мақсаттың анасы көзіне жас алып, жанында тұрған ер адамға айтқаны естілді. Осы уақыт аралығында трибунадан командирлердің десантты-шабуылдаушы әскерлерінің абыройын арттыруға, Отан алдындағы борышты адал атқарып, ел мүддесін қорғауға шақырған сөздері естілді. Әскери форма киіп, әскери ант қабылдап тұрған ұлын көрген Еримбетов Ғабит: - Мен ант қабылдауға Шымкент қаласынан Оны қолдауға және армияға борышын өтеу үшін ақ тілегімді арнауға келдім. Десантты-шабуылдаушы әскерлері - ерліктің ең жақсы мектебі. Менің ұлым нағыз ер азамат бодып әскерден оралатынына сенемін. оған әскери қызметті абыройлы қызмет етіп, кез-келген тапсырмаларды жылдам орындап, ел тыныштығын күзете берсін,- деп тілеймін. Алаңда "салтанатты түрде Қазақстан Республикасына ант етемін" деген жас сарбаздардың дауысы естіліп жатты. Осы сөзден нағыз әскери қызмет басталатынын жас сарбаздар ұқты. Ант қабылдау рәсімінен кейін бұрын шақырылған сарбаздар алаңда жауынгерлік өнер көрсетті. Сондай-ақ қару-жарақпен қолдану әдістері мен қоян-қолтық ұрыс, самбо және т.б. Ұрыс тәсілдерін көрсетті. -Бүгінде армия жастардың даиуына жан-жақты тәрбиелеуге септігін тигізуде. Жыл сайын талантты жастар көбейіп келеді. Жоғары және орта-арнаулы білімді әскерге шақырушылар пайызы артып келеді. Десантты-шабуылдаушы әскери бөлімдерінде білім мен спортты меңгеру үшін барлық жағдайлар жасалуда", деді 61993 әскери бөлімінің командирі полковник Булат Дюсекеев. Салтанатты шарадан кейін жас сарбаздар ата-аналарымен бірге сейілдеуге жіберілді.  

Серіктес жаңалықтары