Қазақстан өзбекстандық талапкерлерге 10 мың грант бөлді

Қазақстан өзбекстандық талапкерлерге 10 мың грант бөлді

Қазақстан өзбекстандық талапкерлерге 10 мың грант бөлді
ашық дереккөзі
Қазақстан Өзбекстанның мектеп түлектеріне жоғары оқу орнына түсу үшін 10 мың грант бөлді деп хабарлайды "Халық сөзі" порталы. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті шешімі Самарқанда өткен Қазақстанның білім күндерінде жарияланған, деп хабарлайды centralasian.org. Өзбекстанның талапкерлері Қазақстанның 30-ға жуық түрлі университет, институт және академияда жеңілдікпен экономикалық, техникалық, медициналық және гуманитарлық салада жоғары білім ала алады. Мұнан бөлек екі елдің жоғары білім дипломын өзара мойындау жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқандығы да хабарланған. Биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы өтіп жатыр. Соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан арасында барлық салада қарым-қатынас кеңінен дамып келеді. Бір жылдың ішінде екі елдің арасында 62 млн доллар болатын сегіз инвестициялық құжатқа қол қойылған.