Шығыс нарығына қазақ дәмдері шығарылды

Елімізде экспорттық өнімдердің дамып келе жатқанының бір көрінісі отандық базмұздақтардың шет елге тасымалдануы. Атап айтқанда, отандық балмұздақ Өзбекстан астанасы Ташкентте сатылымға қойылды. Сонымен қатар Самарқанд, Бұхар және Ферғана облыстарына дистрибьютор арқылы жеткізілмек. Биыл 180 тонналық салқын өнімді тасымалдау жоспарланып отыр.

 Өзбек жеріне жіберілген алғашқы өнімдер қатарында – «Бахрома», «Тролли» және «Бомба» балмұздақтары бар. Сатылу ауқымы мен экспорт көлемінің артуы ассортиментті көбейтеді. «Алдағы уақытта өзбек нарығында импорттық өнімнің көшбасшысы болуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ балмұздақ маркалары мен дизайнын қайталау мүмкін емес. Олардың технологиялық құпияларын алдағы екі жылда ашу мүмкін емес», – деді «Шин-Лайн» компаниясының маркетинг бөлімінің директоры Константин Доценко.

Оңтүстік көршінің нарығында халық жиі орналасқан. Өзбекстанда елімізге қарағанда 2,5 есе көп адам тұрады. Өз нарығында 200-ге жуық өндіруші бар. Алайда ресейлік өнімдерді көшіру мен технология деңгейінің әлсіздігі өндірісті дамытпай отыр. Алғашқы өнім Ташкенттегі Myday pop-up fest фестивалі барысында таныстырылды.

Back to top button