413
Ата-анасының қарауынсыз қалған 2 бала суға кетті
Ата-анасының қарауынсыз қалған 2 бала суға кетті
Кеше елімізде ата-аналардың салғырттығынан екі сәби көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов жолдаған мәліметке сүйенсек, Атырау қаласына қарасты Ширина елді мекенінде ата-анасының қарауынсыз қалған 2008 жылғы ұл бала пирстен (екі жағынан да кемелер келіп тоқтау үшін жағадан суға қарай сұғындыра салынған құрылғы) құлап, Жайық өзеніне батып кетті. Баланың денесін жергілікті тұрғындар судан алып шыққан.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы Арал қаласындағы жеке тұрғын үйде қараусыз қалған 1 жасар қыз бала су толы 50 литрлік ыдысқа түсіп кетіп, тұншығып қалған. Баланың денесін ата-аналары тауып алған.