23 Сәуір 2018, 11:00 561 0 Мақсаттың фото блогы Мақсат ҚҰСАЙЫНОВ

1-курс курсанттары алғаш рет парашютпен секірді

Құрлық әскерлері Әскери институтының  десанттық-шабылдауылшы бөлімшелерін және барлау бөлімшелерін басқару мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс курсанттары МИ-17 тікұшағынан өздерінің алғашқы парашютпен секірулерін орындады.

- Курсанттар әуеге алғаш көтерілер алдында олармен теориялық және жер үсті даярлығы өткізілді. Болашақ офицерлер Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери және арнай барлау кафедрасының тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен парашют жүйелерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын, күмбездің ашылуына дейінгі және ашылғаннан кейінгі парашютшілердің іс-қимылдарын үйретті, жерге қону тәртібін пысықтады. Сынақ тапсырғаннан кейін ғана курсанттар секіруге рұқсат алды, дейды 3 рота командирі аға лейтенант Казбек Исмаилов.

Бұл жолы курсанттар бірінші рет қарусыз және жол дорбасыз секірді. Болашақта қарумен және толық жабдықтарымен курсанттар түнде, күрделі жергілікті жер жағдайында немесе суға секіретін болады.

Курсанттармен бірге тікұшақтан 1 батальон 3 рота басқармасы бірге парашютпен секірді.

1 батальон 3 рота командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары аға лейтенант Еркебұлан Нарынбаевтың айтуы бойынша:     - Курсанттар өздерімен бірге бір тікұшақта парашютпен секіруге дайын командирлерін көрген кезде олардың моральдық-психологиялық жағдайы айтарлықтай нығайып, жау

апкершілігі артады, өз күштеріне деген сенімі нығаяды .

Десанттау сәтті өткенін, барлық курсанттар қойылған тапсырмаларды ойдағыдай орындағандарын айта кеткен жөн.

Отан қорғау ісін өзде­рінің басты мамандықтары деп білетін десантшы курсанттар алдағы уақыт­та талай белесті бағындырары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар