Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді

Елімізде тағы бір қаржы пирамидасының жолы кесілді
ашық дереккөзі
Қазақстан ІІМ тергеу департаменті "Buy Time Incorporated LLP" қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендерді іздестіруде. 
ІІМ "Buy Time Incorporated LLP" қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. "Сотқа дейінгі тергеулер барысында анықталғандай, қаржы пирамидасы 2017 жылдың наурыз айынан бастап қарашаға дейін республиканың бүкіл аумағында қызмет етіп, тез арада үлкен олжаға кенелтуге уәде берген. Қазір куәгерлер мен қаржы пирамидасы қызметі салдарынан зардап шеккен жәбірленушілер іздестіріліп жатыр", — деп хабарлады тергеу комитеті. Аталған қаржы пирамидасы қызметінен шығынға ұшыраған тұлғалар ІІМ тергеу департаментіне хабарласа алады: 8 (7172) 71-43-35, 8-702-348-26-19.