Disney студиясы фильм түсіріліміне қазақстандық каскадерларды шақырды

Disney студиясы фильм түсіріліміне қазақстандық каскадерларды шақырды

Disney студиясы фильм түсіріліміне қазақстандық каскадерларды шақырды
ашық дереккөзі
«Күлбике», «Сұлу мен құбыжық» мультфильмдерін шығарғаннан кейін Disney студиясы «Мулан» көркем картинасын қайта түсірмекші. Кинокартинаға қазақстандық каскадерлар де қатысады. Бұл туралы  Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Каскадер hollywoodreporter.com жаңалығын жариялады. Онда танымал Дисней мультфильмінің киноадаптациясы 2018 жылдан 2020 жылға шегерілгені көрсетілген. «Мулан» (Mulan) - 1998 жылдың 19 маусымында Walt Disney Pictures студиясы жарыққа шығарған толықметражды мультипликациялық фильмі. Бұл студияның шығарған 36-шы толықметражды мультипликациялық фильмі саналады. Фильмде Хуа Мулань - әскерге қатысқан әйел туралы орта ғасырдағы Қытай балладасы бейнеленген.