12 Сәуір 2018, 21:41 1620 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Оңтүстік Қазақстан облысына "Тұран" облысы деген атау берілуі мүмкін

Филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметов  оңтүстік өңірін "Тұран" облысы деген атауға өзгертуді ұсынды. Ұсыныс ономастикалық комиссияға түссе, алдағы уақытта қаралады. Бұл туралы "Атамекен атаулары" облыстық конференциясы барысында белгілі болды, деп хабарлады TVK.

"Қазақ жері ежелде "Тұран" деп аталған ғой. Мекемтас ағамыз оңтүстікті осылай атау керек деп жатыр. Бұл да бір ұсыныстың бірі. Бұл ұсыныс ономастикалық комиссияға түсетін болса, міндетті түрде қаралады", — дейді ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан.

Бүгіннің өзінде күнгейде 1100-ден астам көшенің атауы жоқ. Сондай-ақ өңірде идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекен мен бірқатар нысандарда бар. Енді олар ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаумен өзгертілмекші.

Соңғы ақпарға сәйкес, Оңтүстіктегі 930 елдімекенде 11 мың 263 көше бар. Бүгіннің өзінде оның 1100-ден астамы атауы жоқтардың қатарына кіреді. Бұдан басқа идеологиялық тұрғыдан ескірген "Чичерин", "Дмитриев" сынды 12 елді мекен, 109 көше мен 7 нысанның атауы өзгертуді талап етеді. Сондықтан ономастика комиссиясының мүшелері, ғалымдар, тілдерді дамыту бөлімінің мамандары үшінші мегаполисте өткен облыстық конференцияда бас қосты.

Жиынға қатысушылар өзгертілетін атаулар ұлттық танымға тән жер су аттары мен дәстүрлі атаулар болуы қажет дейді. Алдағы уақытта конференция барысында ұсынылған атаулар жинақталып, кезекті ономастикалық комиссияда қаралатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар