12 Сәуір 2018, 16:49 482 0 Аймақ Әсел ӘНУАРБЕК

Өңірлік көрменің өзіндік сыры

Атырау қаласында 17-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі басталды. Көрменің ашылу салтанатына ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев қатысты.

Көрменің ұйымдастырушылары – ҚР Энергетика министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі. Сондай-ақ, бұл шараны өткізуге «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, KAZENERGY қауымдастығы мұрындық болды. Бірнеше жыл бойы өткізіліп келе жатқан бұл шара бизнес кездесулер мен маңызды іс-шаралар өткізетін алаңға айналып үлгерді.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев: «Атырау өңірі жоспарлы әрі серпінді дамуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша,  облыс  экономикасын әртараптандыру тұрғысында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.  Көрмеге қатысушыларға өз ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені олар да экономиканы, кен орындарын және әріптестердің арасындағы қатынастарды дамытуға өз үлестерін қосуда. Мұндай алаң  барлық қатысушыларға олардың жұмыс бағыттарына қарамастан өз  бизнесінің ауқымы мен шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні  облыста мыңнан аса шетелдік және бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды. Облыс әлемнің 50 елімен ынтымақтастықта», – деп атап өтті.

Көрме барысында Ұлыбритания, Белоруссия, Ресей, Түркия, Әзірбайжан сынды елдерден келген жүзден астам компания өз павильондарын көрсетті. Сондай-ақ, «Global Oil&Gas Atyrau» көрме кешенінде «AtyrauBuild-2018» құрылыс және интерьер көрмесі орналасқан. Мұнда құрылыс, интерьер, жол құрылысы саласындағы жаңалықтар таныстырылды. Көрменің барлық қатысушыларына өз өнімі туралы айтуға, жаңа келісімшарттар жасауға мүмкіндіктер берілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар