Жастар саяси жұмыстарға тәрбиеленуі  тиіс

Жастар саяси жұмыстарға тәрбиеленуі  тиіс

Жастар саяси жұмыстарға тәрбиеленуі  тиіс
ашық дереккөзі
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысына партияның бүгінгі жұмысы жайында ақпарат беріп, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінің қорытындыларын баяндады. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік саясатты іске асыруда партияның жастар қанаты маңызды міндет атқаратынын атап өтті. «Жас Отан» жастар қанатының съезі табысты өтті. Менің тапсырмама сəйкес, жастар арасында саяси жұмыстар жүргізілуге тиіс. «Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының бəрін біріктіру», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев съездің қорытындысы бойынша қол жеткен нәтижелерді саралады. «ІV съезге барлық облыстар мен өңірлерден 1500-ден астам делегат қатысты. Форумның бірінші күні партияның конференциясы жəне арнайы бес панельдік сессия өтті», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар, партия Төрағасының бірінші орынбасары стратегиялық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, әсіресе, «Рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыруға «Нұр Отан» ұжымының атсалысуы жайында баяндап берді. Одан бөлек Мәулен Әшімбаев Елбасына партияның кадрлық резервін қалыптастыру барысын да мәлімдеді. Ал кездесуді қорытындылаған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияның түрлі бағыттағы жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.