11 Сәуір 2018, 12:51 636 0 Заң Анар ЛЕПЕСОВА

Жасөспірімдер дүкенге келгендерді жарылғыш затпен қорқытты

 Қостанайдағы орталық әмбебап дүкеніне жасөспірімдер қолдан жасалған жарылғыш зат алып кірген. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінде өткен брифингте хабарланды. 

Оқиға 2 сәуір күні болған. Облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Ербол Дербісовтің айтуынша, жасөспірімдер бұл әрекеті арқылы дүкенге келушілерді қорқытпақ болған.

«Олар алып кірген бұйымның сырт пішіні қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсайды. Оның микросхемасы, батареялары мен сымдары болған. Жарылғыш затты балалар өз достарына көрсетіп жатқан кезде күзет қызметі байқап қалған", - деді Е. Дербісов.  Белгілі болғандай, жасөспірімдердің бұл әрекеті үшін ата-аналары жауап береді. Жалпы, облыста соңғы үш жылда террорлық акт туралы 24 жалған хабарлама түскен.

 

Соңғы жаңалықтар