Теміржолшылар зейнет жасын 5 жылға төмендетуді сұрады

Теміржолшылар зейнет жасын 5 жылға төмендетуді сұрады

Теміржолшылар зейнет жасын 5 жылға төмендетуді сұрады
ашық дереккөзі
548
Теміржолшылар зейнет жасын бес жылға төмендетуді сұрайды. Бұл туралы. ҚР Көлік қызмектерлері кәсіподағының төрағасы Оразғали Аxметбаев мәлімдеді.  «Бәріңіз жақсы білесіздер, Қазақстанда ер азаматтар 63 жаста зейнетке шығады. Теміржол саласында ауыр және денсаулыққа зиянды кәсіптер бар. Дәл осы кәсіп мамандары зейнет жасын төмендетуді сұрап отыр. Олардың ішінде теміржол жұмысшысы, поездарды тіркеушілер, вагонды қарайтын қызметкерлер және тағы басқа мамандар бар», - деді О.Аxметбаев журналистерге берген сұxбатында. Оның айтуынша, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы машинистер үшін әлеуметтік жеңілдіктерді енгізген болатын. Бүгінде машинист пен оның көмекшісі 58 жасында салалық жәрдемақы ала алады. Сөйтіп, зейнет жасқа шыққанша 40 минималды есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы алуға мүмкіндік бар. «Менің ойымша, кез келген мәселені шешуге болады. Бірақ теміржолшылардың зейнет жасын төмендету үшін қыруар қаржы қажет. Әлемдегі қазіргі экономикалық жағдай да тұрақты емес. Шетелде, керісінше, зейнет жасты көтеріп жатыр. Өйткені адамның өмір сүру ұзақтығы, демография және тағы басқа мәселелер бар. Соған қарағанда Үкімет оған бармауы да мүмкін», - деп атап көрсетті О.Аxметбаев. Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстанның теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі салалық кәсіби одағына қарасты бастауыш ұйымдары төрағаларының  форумы басталды.  

Серіктес жаңалықтары