362
Германияда жүк көлігі адамдар тобын қағып, 3 адамды мерт қылды
Германияда жүк көлігі адамдар тобын қағып, 3 адамды мерт қылды
Германияның Мюнстер қаласында жүк көлігінің жүргізушісі өзіне қол жұмсады. Ол қала орталығында отырған адамдар тобын жүк көлігімен қағып кеткен. Салдарынан 3 адам мерт болып, 30 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл орайда лаңкестік жасалғаны болуы мүмкін. Полиция зардап шеккендер мен мерт болғандардың бар екенін растады.
«Полиция мәліметінше, адамдарды қағып кеткен ер адам көз жүмған. Оның өзіне қол жұмсағанын полиция растады», – делінеді хабарламада.
Ал ҚР СІМ Германияның Мюнстер қаласында орын алған оқиғадан зардап шеккендердің арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексеріп жатыр.
«Қазіргі уақытта біз Германияның оңтүстігіндегі Мюнстер қаласында көліктің адамдарды қағып кетуінен зардап шеккендері мен қаза болғандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын тексерудеміз. Германиядағы ҚР елшілігінің дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыста отыр», – деп жазды ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасында.