Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 24 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Сеулдегі сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені 24 жылға түрмеге отырғызды. Экс-президент пара алғаны, билігін асыра пайдаланғаны және коммерциялық компанияларға заңсыз ықпал еткені үшін айыпты деп танылды. Айыптаушы 66 жастағы Пак Кын Хеге 30 жыл және 110 млн доллар айыппұл сұраған еді. Экс-президент тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды. Ол сотқа келген жоқ. Сот отырысы телеарнада тікелей эфирде көрсетілді. Бір жыл бұрын, 2017 жылдың 10 наурызында Оңтүстік Кореяның конституциялық соты Пак Кын Хені президент қызметінен алу туралы шешім қабылдады. Импичментті 2016 жылы желтоқсанда Оңтүстік Корея парламенті жемқорлыққа қатысты даудан соң жариялаған. Оңтүстік Корея президентінің бала кездегі құрбысы Чхве Сунь Сильді мемлекет басшысына ықпал етті деп айыптаған. Импичментке әкелген жанжал содан басталды. 2018 жылы ақпанда Сунь Силь 20 жылға сотталды. Ол елдегі ірі компанияларды, соның ішінде Samsung корпорациясын өзінің коммерциялық емес қорына (шамамен 70 млн доллар) ақша аударуға мәжбүрлеп, қаражатты жеке мақсаттарына жаратқан.