Автотұрақ мәселесін шеше алмаған Исекешев Президенттен сөз естіді

Автотұрақ мәселесін шеше алмаған Исекешев Президенттен сөз естіді

Автотұрақ мәселесін шеше алмаған Исекешев Президенттен сөз естіді
ашық дереккөзі
282
Елордада автотұрақ мәселесін шеше алмаған Астана әкімі Әсет Исекешевті Президенттен сөз естіді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.  «Нұржол бульвары көлікке толып тұр, Үкімет үйі мен әкімдіктің алдында да сол жағдай. Көз алдыңда - терезеңді ашып қарасаң - бей-берекет?!», - деді Мемлекет басшысы елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте. Бұдан кейін сөз алған әкім аталған мәселені шешу үшін нақты жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. «Биыл «Әкімдік, ЦУМ алдындағы тұрақтар» атты 2 мың орындық жобалар басталады. «Нұржол» алдында ақылы автотұрақтың жобасы енгізілді», - деді әкім. Бұған қатысты сөйлеген Елбасы мәселені шешуде нақты тәртіптің жоқтығын айтты. «Автотұрақтар бойынша біз нақты жұмыстарды іске асыруымыз керек. Барлық құрылыс салушыларды жерасты тұрақтарын салуға міндеттеуге тиіспіз. Астанадан да үлкен қалалар бар, бірақ олар бұл мәселені тиімді шешіп жатыр...  Бізде тәртіп жоқ. Автотұрақ үшін ақша алып жатқан жоқсыңдар. «Мерседес» үшін ақша бар ма, демек сағат бойынша автотұраққа төлеуге де ақша бар деген сөз. Тәртіпке бағынбағандардың бәріне қатаң түрде айыппұл төлету керек», - деді Президент. Президенттің айтуынша, қолға алынған нақты шаралар автотұрақ аумағы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. «Қалада автотұрақтар мәселесінің шешілмеуі салдарынан жедел жәрдем де, өрт сөндірушілер де ғимаратты айнала алмай қалады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Серіктес жаңалықтары