277
"Зимняя вишняда" жұмыс істеген қазақстандық студент өрт кезінде не істегенін айтты
"Зимняя вишняда" жұмыс істеген қазақстандық студент өрт кезінде не істегенін айтты
Кемеровода «Зимняя вишня» сауда орталығында жұмыс істеген қазақстандық студент өрт кезіндегі әрекеті туралы айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Әбілхайыр есімді қазақстандық студент қаралы күні сауда орталығында өз кезекшілігін атқарған.
Қарағандылық азамат бүгінде Ресейде білім алуда. Ол оқумен қатар қосымша жұмыс істеп жүрген.. Әбілхайыр осыдан екі ай бұрын «Зимняя вишня» орталығына аттракцион нұсқаушысы болып жұмысқа орналасқан.
"Сол күні әдеттегідей өз кезекшілігіме түстім. Сағат 16:00 шамасында адамдар жүгіре бастады. Мен өзімнің қарамағымда ойнап жүрген адамдарды жақтаудағы шығатын жол арқылы шығарып жібердім. Сол кезде қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Менің әріптестерім де ойнап жүрген балалардың қолынан ұстап, сыртқа қашты. Мен есіктен шығар жерде қолына фонар ұстап, түтінге тұншығып тұрған қызды көрдім де, оны сүйреп сыртқа шығардым. Бірақ аздан соң өзімнің де тынысым тарыла бастады. Ол жерде біреу қаза табады, жараланады деп мүлде ойламадым», - деп оқиғаны баяндап берді ол.
Қиналғанына қарамастан олар сыртқа шыққан бойда көліктерді қозғалтып, құтқару қызметкерлеріне жол ашқан.
«Біз өрт сөндірушілерге жол ашып, көліктерді итеріп, қозғалттық. Мен барлығы шығып үлгереді, бәрін құтқарамыз деп ойладым. Алайда, керісінше болды. Маған мектептен соң келіп, қолыма тәтті ұстататын қыз болатын. Өкініштісі, ол да өрт ішінде қалды. Маған мұны еске алу өте қиын», - деді Әбілхайыр.
Сондай-ақ, қазақстандық жігіт өрт куәгерлерден, істің анық-қанығына қол жеткізу үшін барынша көмек көрсетуді сұрады.