Министр «Ратель» мен «Forbes» ісіне қатысты пікір білдірді

Министр «Ратель» мен «Forbes» ісіне қатысты пікір білдірді

Министр «Ратель» мен «Forbes» ісіне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
539
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Алматыдағы екі интернет-сайт редакциясын тінту оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ратель» мен «Forbes» интернет сайттары туралы тағы бір мәрте айтып өткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, тергеу жалған ақпарат тарату туралы кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтың арызы бойынша басталған. Бұған арыз берушінің шағымын соттың бірнеше рет қанағаттандыруы себеп болған. Қазіргі уақытта «Forbes» сайты күнделікті тәртіпте жұмыс жасап жатыр. Бұл ретте, тергеу амалдары аталған БАҚ-тың бір ғана қызметкеріне қатысты болып отыр. Бірде-бір ұсталушыға қатысты процессуалдық шаралар қабылданбаса да, журналистік ортада бұл үлкен резонанс тудырды. Біз медиа саласы өкілдерінің болған оқиғаға байланысты алаңдаушылықтарын түсінеміз», - деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында. Сонымен қатар, Дәурен Абаев бірнеше тәулік бойы министрлік құқық қорғау органдарымен үздіксіз байланыста болғанын атап өткен. «ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі азаматтық мемлекеттік орган болғандықтан, тергеу амалдарына араласа алмайды. Алайда қазір біз бұл іске қатысты тараптардың арасында дəнекер болу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, министрлік барынша ашық әрі шынайы тергеу амалдарының жүргізілуіне күш салады», - деп жазды министр.  

Серіктес жаңалықтары