Шымкенттік такси жүргізушілері Кемероводағы өрт құрбандарына ескерткіш орнатты

Шымкенттік такси жүргізушілері Кемероводағы өрт құрбандарына ескерткіш орнатты

Шымкенттік такси жүргізушілері Кемероводағы өрт құрбандарына ескерткіш орнатты
ашық дереккөзі
Шымкентте такси жүргізушілері Кемероводағы өрттен қаза тапқандардың рухына бағыштап 64 ағаш отырғызды, деп хабарлайды sputniknews.kz.  Такси жүргізушілері еске алу шарасын қала мектептерінің бірінде өткізген. Ер-азаматтар оқушылар ағаштарды күтіп-баптап, еске алу бағына айналдырады деп сенеді.

"Бұл біздің ортақ қайғымыз, мәңгі жадымызда сақтап, өміріміздің әр сәтін бағалауымыз керек. Кемероводағы балар мен ересектер бейбіт заманда ажал құшты. Ешкімді кінәлағымыз келмейді, оны біз шешпейміз. Тек барлық баланы еске алғымыз келеді, бұл біздің ортақ балаларымыз. Ал мына ағаштар өмірдің әрі қарай жалғасатынын білдіреді. Осы ағаштар өсіп-өніп, жантүршігерлік оқиғаның құрбандарына арналған ескерткіш болсын", — дейді қызметкерлер "Отырар" басылымына берген сұхбатында.