ОРЫС ТIЛIНЕН ТЕСТ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ?

ОРЫС ТIЛIНЕН ТЕСТ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ?

ОРЫС ТIЛIНЕН ТЕСТ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ ПЕ?
ашық дереккөзі

Соңғы кезде ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ) аясында күбiр-сыбыр әңгiме көбейдi. Оның бiр парасы ҰБТ сұрақтарының мазмұны күлкi тудыратынын айтса, ендiгi бiрi сыбайлас жемқорлықтың өршiп тұрғандығын алға тартады. Алайда, былтыр Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев тестiлеу жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн ҰБТ пункттерiне 647 министрлiк өкiлдерi жiберiлдi.

Сондай-ақ, биыл тест тапсырмаларының коды Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (ҰҚК) ведомствалық құпия деректер тiзiмiне ендi десе де, бiрқатар заңсыздықтардың орын алғаны белгiлi. Яғни, ҰБТ-ның дұрыс жауаптарының кiлттерi құпия құжаттардың реестерiне қосылса да, өткен жылы ата-аналар тарапынан дұрыс жауаптың кодтары емтиханға дейiн қолдан қолға өтiп кеткендiгi туралы пiкiрлер айтылып жүрдi. Содан кейiн тест сұрақтарының нақты жауаптары сыртқа таралуы мүмкiн емес деген әңгiмелер тоқтады.

Ал биыл мектеп бiтiрушiлердiң мемлекеттiк қорытынды аттестациялауы мен жоғары оқу орындары және колледждерге қабылдау емтихандарын бiрiктiретiн ҰБТ елiмiздiң 29 қала 82 аудан орталығында құрылған 154 пунктте өткiзiледi. Бiлiм және ғылым министрiнiң айтуынша, тестiлеу орталықтары 52 жоғары оқу орны мен 102 аудандық жалпы бiлiм беретiн мектептерде жұмыс iстейдi. Ал, Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарының өтiнiшiмен биыл Байқоңырда мектеп бiтiрген түлектер үшiн Қармақшы ауданының Ақай ауылында жаңа тестiлеу бөлiмшесi ашылады. Бұл шалғай елдiмекендерде тұратын түлектердiң ата-аналары үшiн қаржы үнемдеуге мүмкiндiк беретiн болады.

ҰБТ-ға жыл сайын енгiзiлiп тұратын өзгерiстерге үйренiп қалғандықтан да, биыл да бiр жаңалықты күткенiмiз рас. Бiлiм беру мен тестiлеудiң мемлекеттiк стандарттары ұлттық орталығының директоры Исатай Сағындықовтың айтуынша, биыл ҰБТ 5 пәннен өткiзiледi. Айталық, ана тiлi, математика, Қазақстан тарихы, орыс мектептерiне арналған қазақ тiлi немесе қазақ мектептерiне арналған орыс тiлi және мамандыққа байланысты таңдау пәнi (география, физика, биология, дүниежүзi тарихы, химия, қазақ әдебиетi орыс әдебиетi, шет тiлi) бойынша тест тапсырады. Сондай-ақ, биыл елiмiзде алғаш рет ҰБТ бағдарламасына мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi енгiзiлiп отыр.

Әу баста орыс мектептерi түлектерi қазақ тiлiнен тест тапсырады деген. Бiрақта, қазақ мектептерi оқушылары нелiктен орыс тiлiнен тест тапсыруы керек? Өйтiп-бүйтiп, жырлап жүрiп орыс сыныптарының ҰБТ сұрақтарына мемлекеттiк тiлдi енгiздiк деп жүргенде, бұнымыз қалай? Мектептi қазақ тiлiнде бiтiрiп жатқан түлектерге орыс тiлi не үшiн керек? Ал сонда орыс мектептерiндегi қазақ тiлi және қазақ мектептерiндегi орыс тiлi пәндерi бойынша нәтиже көрсеткiшi жоғары оқу орындарына түсуге әсер етпейдi дегендi қалай ұғынуға болады?

Бiлiм беру гранттарын тағайындау конкурсында төрт пән (ана тiлi, математика, Қазақстан тарихы, таңдау пәнi) бойынша балл есептеледi. Биыл ҰБТ 1-10 маусым аралағында өтпек. ҰБТ-ға қатысушы түлектер өтiнiшiн 10-25 сәуiр аралығында өткiзуге болады. Сол сияқты мектеп түлектерi барлығы берiлген 125 сұраққа 3 сағат, яғни, 180 минут iшiнде жауап беруi қажет.

ҰБТ бойынша тест тапсырған түлектер өздерiнiң бiлiм көрсеткiшiн, яғни, "Алтын белгi", "үздiк" аттестатпен бiтiргенiн айғақтайды. Және де бiлiм гранттарына ие болу үшiн ҰБТ нәтижесi бойынша 100 балдан (төрт пән бойынша) ең төмен дегенде 50 балл жинау қажет болса, арнайы пәннен кемiнде — 7 балдан, ал басқа пәндерден азы 3 балл жинауы тиiс.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ